ТАРИХИ-ТАНЫМДЫҚ САЯХАТ
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің профессор-оқытушылары мен жоғары оқу орнына дейінгі дайындық факультетінің тыңдаушылары «Өлкетану» бағдарламасы аясында «Ұлы Дала Елі» тарихи-танымдық саяхатына қатысты. Осы шара кезінде жастар XYIII-XIX ғасырларлардағы қазақтың көрнекті тұлғалары Малайсары бидің, батыр Махамбет Өтемісұлының, ақын Мұрат Мөңкеұлының кесенелеріне барды. Сапар барысында тарих ғылымдарының кандидаттары Серік Қуаныш, Қылышбай Сүндетұлы Махамбет батырдың өмірі, азаттық жолындағы қызметі, Мұрат ақынның осы көтеріліске арнаған дастандары, Малайсарының Сырым батырға айтқан өсиет-баталары жайында ашық аспан астындағы тағылымды дәрістерін оқыды. Сонымен қатар Махамбет тарихи қорығының директоры Сансызбай Суханбердин батырдың өмірі мен ерлігі жайында баяндама жасады. Әсіресе, Қытай және Өзбекстан мемлекеттерінен келіп, универсиеттің дайындық бөлімінде оқып жүрген жастар үшін саяхат әсерлі болды.
Абай АҚМҰРЗИЕВ.