ТАРИХИ ОҚИҒАНЫҢ ТАҒЫЛЫМЫ
Бұл Қазақстан халқы бірлігін кезекті рет паш еткен айтулы оқиға болды. Ұлықтау рәсімінің 1-мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесі қарсаңында өтуінде де үлкен мән жатыр.
Біз Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған бес институционалдық реформаның ерекше маңызын атап өтеміз. Күрделі геосаяси үрдістер, халықаралық экономикадағы тұрақсыздық жағдайында Мемлекет басшысының сарабдал саясатының арқасында Қазақстан сенімді, әрі серпінді түрде дамуын жалғастыруда.
Бүгінгі ахуал қалыпқа сай келмейтін шешімдерді, жаңашыл қадамдарды, алдын-алу шараларын талап етуде. Сондықтан, біз Президент атап көрсеткен отандық экономиканы одан әрі дамытудағы және қоғамның әлеуметтік жағдайын жақсарта түсудегі бес халықтық реформаның маңызына ерекше тоқталғымыз келеді.
Елбасы атап өткеніндей, азаматтық принципі — қуатты мемлекеттің ең сенімді іргетасы болмақ.
Юрий КУСТАДИНЧЕВ, «Возрождение» болгар этномәдени орталығының Атырау филиалының төрағасы.