Жарнама
Қоғам

Тарихын ұмытпаған тамырын жоғалтпайды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай айтқан сөзі әрбір қазақстандықтың жүрегіне терең ой салары анық.

Ауыл – ұлттың тамыры, тіршіліктің қайнар көзі. Ашаршылық пен саяси қуғын-сүргіннің ең ауыр зардабын тартқан – дәл осы қарапайым ауыл халқы. Күшпен ұжымдастыру науқаны кезінде мыңдаған шаруа өзінің мал-мүлкінен, жерінен айырылып, күнкөріс көзіне тастай суық тосқауыл қойылды. Соның салдарынан миллиондаған қазақ аштықтың құрбанына айналды. Бұл – халқымыздың санасынан ешқашан өшпейтін зұлмат.
Президенттің: “Өткенге жалтақтау – әлсіздіктің белгісі” деген сөзі – ауыл адамдарының өмірлік қағидасына айналуы тиіс. Себебі біз, жердің иесі, елдің иесі – еңбек адамымыз. Бүгінде ауыл шаруашылығы – жай ғана қара жұмыс емес, жоғары технологияларды талап ететін сала. Бізге ендігі жерде білімді, жаңашыл, цифрлық технологияларды меңгерген жас мамандар қажет. Бұл ретте ауылға жаңаша көзқараспен қарап, оның болашағын еңбекпен байланыстыру – баршамыздың міндетіміз.
Президент айтқандай, біз – қиындық көрген, бірақ мойымаған елміз. Ауыл еңбеккерлері соның айғағы. Ендеше, біз де тарих алдындағы қарызымызды адал еңбекпен, жерге деген сүйіспеншілікпен өтеп, елімізді өркендетуге үлес қоса береміз.
Еліміз аман, жеріміз берекелі болсын!

Тарихтан тағылым алып, болашаққа бірге қадам басайық!

Жеңіс ӘБІЛҚАЙЫРОВ,
“Асыл тұқымды еділбай қойын өсіретін бірлестік” шаруа қожалығының басшысы,
Ауыл шаруашылығы саласының үздігі,
Құрманғазы ауданының Құрметті азаматы

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button