ТӘРБИЕ НЕГІЗІ – ОТБАСЫНДА

Құлсары қаласында №7 орта мектепте теологтардың қатысуымен «Ислам және отбасы» тақырыбында конференция өтті.
Конференцияны аудан әкімінің орынбасары Нұрадин Өмірбаев кіріспе сөзбен ашып, жүргізіп отырды. Алматы ислам университетінің түлегі, алғашқы қадамын он тоғыз жасында Жылыой аудандық мешітінің бас имамы болудан бастап, кейін Атырау облыстық «Иманғали» мешітінің бас имамы лауазымдық дәрежесін абыройлы атқарған Амантай Сәдиев басқа қызметке тағайындалуына байланысты әлгінде ғана аудан әкімінің қабылдауында болып, қошемет-құрмет көріп еді, енді, міне, көпшілік қауыммен де жүздесуге келді.
Ақмешіттен келген имам Ислам Мырзабекұлы имандылық, ұлттық тәрбие төңірегінде толғақты ойларын ортаға салды.

Теолог, дінтанушы Ерғали Алпысбаев ислам діні үлкен тәрбие мектебі екенін айтып, әр отбасы үлгілі болуға, әр адам өз ұрпағын көзі ашық, саналы, тәрбиелі адам болып қалыптастыруға тәрбиелеу керектігіне үндеді. Бұл пікірді Жылыой ауданының бас имамы Арман Исаев та қуаттады.
Бұдан кейін ата-аналар кеңесінің мүшесі Самал Ұлықпанова сөз алып, ұлттық тәрбиеге өріс ашу, жас ұрпақты жат ағымдардан сақтандыру турасында өз ой-пікірін білдіріп, бірлік пен топтасқандық, имандылық пен ибалылық, ізгілік пен қайырымдылық біздің тәрбиеміздің басты арқауы болсын, – деп тілек білдірді.
Теолог, дінтанушы Е.Алпысбаев пен ауданның бас имамы А.Исаев көпшілікті толғандырып жүрген сауалдарға жауап берді.

Қаржау ОРАЗБАЕВ,
меншікті тілші,
Жылыой ауданы.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз