ТҰШЫНДЫРҒАН «ЖУСАН ИІСІ»
Жасыратыны жоқ, халық арасында көркем шығармаларды оқуға деген құштарлық бәсең екен. Бұл, бір жағынан, электронды ақпарат айдынының кеңдігі болса, екінші жағынан, «уақыт жоқ» деген желеу болса керек. Осы күрмеуі қиын мәселеге орай 2007 жылы Астанада өткен Халықаралық оқу конгресінде «Бір ел – бір кітап» атты акция өткізу қолға алынған болатын. Акцияның беташары ретінде Абайдың «Қара сөздері» таңдалыпты. Одан кейінгі жылдары М.Әуезовтың «Қилы заман», М.Жұмабаевтың «Сен сұлу», Ж.Молдағалиевтің «Мен – қазақпын», Ж.Аймауытовтың «Ақбілек», О.Бөкейдің «Қайдасың, қасқа құлыным?» атты туындылары аталған акцияға арқау болған. Ал, өткен жылы республика оқырмандарының назарына белгілі ақын, жерлесіміз Фариза Оңғарсынованың «Дауа» атты жыр жинағы ұсынылды.
Биылғы таңдау қазақ прозасында өзіндік қолтаңбасы мен болмыс-бітімі бар көркемсөздің хас шебері С.Мұратбековтың «Жусан иісі», «Басында Үшқараның» атты шығармаларына түсіп отырған көрінеді.
Жастардың «Жусан иісінің» кейіпкерлері туралы айтқан әсерлі әңгімелері қариялар үшін айрықша тұшымды болды.