ТҮЙІП АЙТҚАНДА

Мамыр мерекесінің тарихы әріден басталады. АҚШ пен Еуропаның біраз елдерінде еңбекшілердің өз мүдделерін қорғап, көшеге шыққан күндеріне орай, бұл дата естелік күні ретінде ХІХ ғасырда атап өтіле бастады. Кеңес дәуірінде де мерекенің мемлекеттік деңгейде маңызы болды. Бірақ, тәуелсіз Қазақ еліндегі бұл мереке мүлдем жаңаша форматта, қазақ жерін мекен еткен түрлі ұлттардың татулығын қазақтың ынтымағымен ұштастыруға бағытталуымен ерекшеленіп отыр.

Түрлі диаспоралар мекендейтін Қазақ мемлекеті үшін мұндай мерекенің мәні зор. Өйткені, Бірінші мамыр рухани мереке ретінде ынтымақтың символына айналып отыр. Еліміздегі береке-бірліктің, қоғамдық тұрақтылықтың кепілі болып отырған Қазақстан халқы Ассамблеясының ролін арттыра түсу маңызды. Жалпыхалықтық сипатқа ұласатын қайырымдылық, әлеуметтік бағыттағы жобалар көбейе түссе нұр үстіне нұр. Өйткені, жапыхалықтық сипатқа ие болған бастамалар мемлекеттің мызғымастығына, ұлттар арасындағы татулыққа кепіл болмақ.

 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз