Жарнама
Қоғам

ТҮБЕГЕЙЛІ РЕФОРМА, ТЫҢ КӨЗҚАРАС

Елбасының елдің әрі қарай дамуына қатер төндіретін бірқатар сыртқы ықпалдарға мән беруі ерекше назар аударарлық. Оның ішінде әлемдік дағдарыс, ғаламның экономиканың тұрақтанбауы, климаттың өзгеруі секілді жағдайлар маңызды мәселелер деп білемін. Осы бағытта Қазақ елінің қолға алған ауқымды жұмыстары аз емес. Алайда, Президент сыртқы қауіптен сақтану үшін еліміздің ішкі бірлігін, ынтымағын нығайту қажеттігін айтты. Нұрсұлтан Әбішұлының сайлауалды тұғырнамасына негіз болған бес институционалды реформаны жүзеге асыру қажеттілігі осыдан туындайды. Елбасы баяндағанындай, таяу арада Ел Президентінің жанынан Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссия құрылатын болады. Оның мақсаты бес реформаның кезең-кезеңімен жүзеге асырылуын басқару және мемлекеттік органдардың, бизнес секторы мен азаматтық қоғамның іс-қимылын үйлестіру екен.

Бүгінде мемлекеттік қызмет жүйесін реформалау міндеті қойылып отыр. Сонымен қатар, сот жүйесі бойынша қолға алынатын ауқымды шаралар сот төрелігін инвесторлар мен бизнеске қолжетімді етпек. Әлемдегі озық үлгі, тәжірибелерді қолдана отырып жүзеге асыратын инвестициялық әділ сот пен халықаралық арбитражды орталығы еліміздегі бизнес-климатты дүние жүзі бойынша тартымды ете түсетін болады. Елбасы, сондай-ақ, жемқорлыққа қарсы күрес мемлекеттің басым бағытының бірі саналатындығына айрықша тоқталды. Осынау міндеттер еліміздегі әділет, сот орындарынан ерекше жауапкершілікпен жұмыс жасауды, түбегейлі өзгерістерді жүзеге асыруды талап етеді.

Сағынбай ТҰРҒАРИН,

облыстық әділет департаментінің басшысы.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button