СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ!
Филиалда «Өзіңнен баста!», «Жемқорлықты тоқтат!», «Жемқордың келбеті», «Жастар жемқорлыққа қарсы!», «Біз жемқорлыққа қарсымыз!» атты тақырыптарда ұжымның барлық қызметкерлерінің қатысуымен жиналыстар өткізілді. Азаматтардың шағымдарын уақытында қарауға ерекше назар аударылады. Ол сауалдарға жан-жақты талдау жасалып, әділ, мағынасы толық және сапалы жауап дайындау әрбір қызметкердің тікелей міндеті болып табылады.
Жеке және заңды тұлғалардың шағымдарын қарау жөніндегі жұмыс жағдайының нәтижесін әрдайым тексеру, сараптау, қорытындылау, азаматтардың бостандық және заңды мүдделері құқық қорғау жөніндегі заңдылықпен қаралатын барлық керекті шараларды қолданыста тәжірибеге айналдырып, арнайы осы бағыттағы жұмыстарды үнемі бақылауда ұстау бөлім басшыларына тапсырылған.
Тапсырыс берушілермен қарым-қатынасты жақсарту, қызмет көрсетудің сапасын арттыру бағытында кәсіпорында құжаттарды қабылдау және олардың орындалысын бақылау бөлімі жұмыс жасайды. Осы бөлім арқылы барлық құжаттар бір жерден қабылданып, тиесілі өндірістік бөлімдерге рәсімделуге жолданады. Құжаттар қабылданған кезде тапсырыс берушіге құжаттардың қабылданғандығы жөнінде қолхат беріліп, онда орындалу мерзімі нақты көрсетіледі. Тапсырылған құжаттардың орындалысы үнемі бақылауда ұсталады.
Тапсырыс берушілерге қолайлы жағдай жасау мақсатында кәсіпорын бойынша құжаттарды қабылдайтын бес терезе жұмыс жасайды. Мұның өзі кезектің болмауына, құжаттарды кідіріссіз қабылдауға мүмкіндік береді. Құжаттарды қабылдау бөлімі тапсырыс берушілерге арыз үлгілері мен жерге орналастыру жұмыстарына қызмет көрсету үшін төленетін төлем ақыларының мөлшері және басқа да қажетті ақпараттарды қамтитын жарнамалық тақталармен безендірілген. Сондай-ақ, құжаттарды қабылдау орнында азаматтардың арыз-шағымдары үшін арнайы жәшік ілініп, сенім телефондарының нөмірлері көрсетілген.
Кәсіпорын жұмысының жүйесі мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарымен қамтамасыз етілген. Стандартта көрсетілгендей, сәйкестендіру құжаттарын дайындау мерзімін қатаң сақтауға көңіл бөлінуде. Әр аптаның дүйсенбі, сәрсенбі және бейсенбі күндері сағат 3-тен 5-ке дейін, ал жұма күндері сағат 10-нан 12-ге дейін кәсіпорын директоры мен орынбасарлары жеке азаматтарды және заңды тұлғаларды қабылдайды. Белгіленген мерзім ішінде жеке азаматтардың – бір, заңды тұлғалардың бір талап-шағымдары қаралды және нақты жауап дайындалып, талаптары қанағаттандырылды.
Филиал басшылығы мен барлық қалалық, аудандық бөлімше басшылары бұқаралық ақпарат құралдарымен тығыз байланыста. Бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған әрбір сын мен пікірталастар филиал басшылығымен талқыланып, фактілер расталса, ескертулерді жою жөнінде нақты шаралар алынады.
Елбасымыз атап айтқандай, «сыбайлас жемқорлықпен күрес қылмыскерлерді жазалау жөніндегі табанды шаралар ғана емес, бұл – мемлекет пен қоғамның күнделікті жұмысының тұтас кешені» болып табылады. Сол себепті біздің басты міндетіміз – сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу.
С.ТАУБАЕВ,
«ЖерҒӨО» РМК Атырау филиалы директорының міндетін атқарушы.