ҰСТАЗДАР – ҮЗДІК МЕНЕДЖЕРЛЕР

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы АҚ филиалы Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының ұйымдастыруымен «Үздік менеджер» байқауы өткізілді.

 

 «Үздік менеджер» байқауының қорытындысына сай бас жүлдені Атырау қаласы №6 орта мектеп директоры Болатбек Ермеков иеленді. Сондай-ақ, жүлделі 1, 2, 3-ші орындарды еншілегендердің есімдері аталды. Шығармашылық қабілетімен көзге түскен Қызылқоға ауданы Қарабау орта мектебінің директоры Абзал Шоқан «Іскер менеджер» номинациясымен, Құрманғазы ауданы М.Әуезов атындағы орта мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Гаухар Құбашева «Жаңашыл менеджер», Индер ауданы Жамбыл атындағы орта мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жанар Жұбанышқалиева «Ізденгіш менеджер», Мақат ауданы «Қарлығаш» балабақшасының меңгерушісі Роза Ысақова «Креативті менеджер», Исатай ауданы №1 «Қарлығаш» балабақшасының меңгерушісі Тамара Халенова «Белсенді менеджер», Жылыой ауданы «Әйгерім» балабақша меңгерушісінің міндетін атқарушы Гүлмира Шаудырова «Озық ойлы менеджер» номинацияларымен марапатталды.

Облыстық «Үздік менеджер» байқауының қорытындысына сай белсенділігімен танылған Индер ауданы «Қызғалдақ» балабақшасының әдіскері Айнагүл Оразмұханбетова институттың Алғыс хатын еншіледі.

 Ғайнолла ЗИНУЛЛИН.

Суретте: байқау

жеңімпаздары.

 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз