Сөнбес сәуле
ӨЗІНІҢ ҚЫСҚА ҒҰМЫРЫНДА ҚЫЛҚАЛАМЫНАН ӨШПЕС ТУЫНДЫ ТУДЫРҒАН ШАЙМАРДАН САРИЕВ ҚАЗАҚ БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІНДЕГІ ЕРЕКШЕ ҚҰБЫЛЫС, БІРТУАР ДАРЫН ЕДІ. КЕШЕГІ ҰЛТСЫЗДАНУ ДӘУІРІНДЕ САН СЫРЛЫ БОЯУЛАР ӘЛЕМІНЕН ҚАЗАҚЫ НАҚЫШ, ҰЛТТЫҚ РЕҢК ІЗДЕГЕН, СОЛ ЖОЛДА БАСЫН ТАУҒА ДА, ТАСҚА ДА ҰРҒАН ДАРА ТҰЛҒАНЫҢ ТУҒАНЫНА БИЫЛ 85 ЖЫЛ ТОЛЫП ОТЫР.
Талантты суретшінің есімін иеленген Атырау облыстық Ш.Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінің құрылғанына да 30 жыл толды. Мұның екеуі де – музейіміз үшін елеулі даталар. С у р е т ш і Ш а й м а р д а н Сариевтің өмір жолы мен өнер соқпағы жеңіл болмаған. Ең алдымен, оның балалық шағы қиын кезеңге тап келді. Ол 1937 жылы дүниеге келгенде, кеңес елінде аласапыран оқиғалар болып жатты. Құм ішіндегі Забурын деп аталатын кішкене ауылда дүние есігін ашқан ол бала кезінен-ақ айналасынан сұлулық іздеген сезімтал бала болып өсті. Оған суретшілік өнердің қонуының да тылсым сыры бар.
ШАЙМАРДАННЫҢ ШЕДЕВРЛЕРІ
Т а л а н т т ы с у р е т ш і н і ң қаламынан туған керемет дүниелер Қазақстанды былай қойып, Балтық өңірінің, Ресей мен Украинаның қалаларында ө т к е н ү л к е н к ө р м е л е р г е қойылады. «Алмас қылыш қап түбінде жатпайды» дегендей, хас талант 1988 жылғы 18 қазанда КСРО Суретшілер Одағына мүшелікке қайта алынады. Алайда, арада төрт күн өткенде, қазақтың біртуар суретшісі өзінің туған жері – Нарын топырағында ауыр науқастан дүние салады. Ол өзі туған ақ Нарынның құмы түстес, суретшілер тілінде «охра» деп аталатын сары түсті бояуларды жақсы көретін. Өмірінің түйінделер сәтінде сол сары құмына, ақ шағылына қайта оралған еді.
Ш а й м а р д а н 5 1 — г е с ә л ж е т п е г е н ғ ұ м ы р ы н ы ң 3 0 жылында өнімді еңбек етті. Шығармашылық қарымын сарқа жұмсады. Әміршіл жүйенің теріс ықпалына ұшыраса да, оның шығармашылығы мен дүниетанымына ұлттық көркем дәстүрдің ерекше әсер еткені анық. Оның ұлттық нақышқа толы суреттері қазақ халқы өнерінің қайнар көздерінен бастау алды. Қанша қыспақ көрсе де, оның ұлтына деген махаббаты ерекше болатын. Б ұ ғ а н 6 0 — 7 0 — ш і ж ы л д а р ы жазылған «Жібек», «Шопан», «Қыздар», «Тау бөктері», «Ибалы әже», «Асан қайғы», «Әже» секілді туындылары дәлел. Сол тұста Сариевпен қатар Салихитдин Айтбаев, Тоқболат Тоғысбаев, Әбдірашит Сыдыханов, Молдахмет Кенбаев, Қанапия Телжанов сынды дарынды суретшілер белсенді шығармашылық үрдісте жұмыс жасап, ұлттық бейнелеу өнерін жоғары сатыға көтерді. Өздері де тарихта өшпес есімдерімен қалды.
САРИЕВТІҢ МУЗЕЙІ
Расында, Сариевтің артында қалдырған бай көркемсурет мұрасы – б іздің баға жетпес құндылығымыз. Мұндай құндылықты жасап кеткен адамға қандай құрмет те лайық. 2005 жылы Атырау облыстық көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейіне Шаймардан Сариевтің есімі берілді. Бұл үлкен тарихи, әділетті шешім болатын. Осылайша, суретшінің рухани тұрғыда бағы жанды. Өнерсүйер қауымның қуанышында шек болмады. Сөйтіп, Шаймардан Сариев қазақ бейнелеу өнері атты алтын тұғырдан өз орнын мәңгі тапты.
Биыл, талантты суретшінің 85 жылдық мерейлі белесі музейіміздің 30 жылдығымен тұспа-тұс келіп отыр. 1992 жылы ашылған өнер музейі осы мерзім ішінде елге қалтқысыз қызмет көрсетіп келеді. Мұнда білікті экскурсоводтар, қор сақтаушылар, суретшілер және басқа қызметкерлер жұмыс жасайды. Осынау асыл қазыналар ордасында жүрекке рухани нәр берер тағылымды шаралар жиі өтеді. Солардың ішінде, әсіресе, сурет, фотокөрмелер, республикалық деңгейдегі симпозиумдар, «музей түні» секілді шаралар көңілге ғажап әсер сыйлайды. Өнер зерттеушісі, жазушы әрі қылқалам шебері, Қазақстанның Еңбек Ері, Қазақстан мен Қырғызстанның өнер қайраткері Илья Жақановтың облыстың 7 ауданында өткен көшпелі сурет көрмесі де өнерге сусаған елдің ризашылығын туғызды.
КӨШ СЫЙЛАҒАН ДАРЫН
…Бір күні киіз үйде ұйықтап жатқанында, іргеден қазақтың бір салтанатты көші жүріп өтеді. Оның қандай құдыреті болғаны белгісіз, ертеңіне ол суретші болып оянады. Сол күннен бастап сурет сала бастайды. Кейін өзінің естеліктерінде «алғашқы суреттерімді құмның бетіне салдым» деп жазған екен. Өнер соқпағы осылай басталған дарынды ұл Қамысқала ауылындағы Амангелді атындағы орта мектептің табалдырығын аттап, оны 1954 жылы бітіріп шығады. Осы кезеңде Қазақстанның барлық түкпірінде мектеп бітіруші түлектерге өндіріс орындарына комсомолдық жолдамалар беріліп жатқан-ды. Шаймардан да осындай жолдамамен Қарағандыдағы «Ленинуголь» тресінің №19 шахтасына аттанады. Одан әрі Жезқазған облысының «Шалқия» кен орнында аға жұмысшы болып еңбек етеді. Рига қаласында әскери борышын өтейді. Харьков көркемсурет институтының екінші курсын ғана тәмамдап, елге оралады. Алматыдағы «Өнер» комбинатында суретші болып, жеке шығармашылықпен де айналысады. Туындыларын бүкілодақтық және республикалық көрмелерге ұсынады.
Ал, 1967 жылы КСРО Суретшілер Одағына мүшелікке қабылданады. Алайда, сурет өнерінде ұстанған авангардтық бағыты кезіндегі кеңестік билікке ұнамай, ол 1971 жылы Суретшілер Одағынан шығарылады. Десек те, бұл жағдай хас талантты мұқата алмайды. Алматыдағы шулы ортаға қолын бір сілтеп, Суретшілер Одағының Қарағандыдағы көркемдік қор бөлімінде аз уақыт жұмыс істейді. Көп ұзамай Алматыға оралып, «Жалын», «Жазушы» баспаларында кітап безендіруші болады. Оның 1982 жылы «Өнер» баспасынан шыққан «Табиғатта қонақта» атты сурет кітабы кезінде өнерсүйер қауымның қызығушылығын туғызған еді.
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ШАРАЛАР ӨТЕДІ
Әрине, музейдің 30 жыл бедерінде атқарған жұмыстарын түгел баяндау мүмкін болмас. Екі бірдей мерейтойға о р а й ұ й ы м д а с т ы р ы л а т ы н ш а р а л а р туралы қысқаша айтсам, қараша айының 7-10-ы күндері аралығында музейдің құрылғанына 30 жыл толуына арналған «Сариев оқулары: Музейдегі мәдениет әлемі» тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді. Сондай-ақ, КСРО Суретшілер Одағының мүшесі, суретші Шаймардан Сариевтің туғанына 85 жыл толуына арналған суретшілер арасында «Ақтаңдақтар ақиқаты» тақырыбында республикалық байқау-көрме ұйымдастыру жоспарланып отыр. Бұл байқау бес жылда бір рет өт е т і н б о л а д ы . Д ә с т ү р л і б а й қ а у ғ а а й н а л а т ы н а р н а й ы ж о б а д а а л т ы жүлдегер анықталмақ. Байқау-көрме нәтижесінде музей қоры таңдалған т а қ ы р ы п қ а с а й ж а з ы л ғ а н т ы ң туындылармен толығады. Салтанатты шарада көрме ашылып, конференция жұмысы қорытындыланады.
Сол секілді, Атырау өнер музейінің даму жылнамасын, яғни музей коллекциясын т о л ы қ т ы р ғ а н ө н е р ш е б е р л е р і н і ң шығармалары мен туындылары туралы мәліметтерді қамтитын «Қазақстан бейнелеу өнері» деген тақырыптағы үш тілдегі каталогтың тұсаукесері өтіп, «Алтын қорда – асыл мұра» фильмінің көрсетілімі өтеді.
Қорыта айтқанда, сурет атты сырлы әлемде Сариевтің жаққан жұлдызы ешқашан сөнбейді. Ол сөнбес сәуледей жарқырап, өнерсүйер жүректерге шұғыласын төге бермек.
Төлеген ОРЫНБАСАРҰЛЫ, облыстық Ш.Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінің басшысы, ҚР Мәдениет саласының үздігі