СОҒЫС ЖЫЛДАРЫ ГАЗЕТ ШЫҒАРҒАН
Кейін Жалғансай ауылындағы мектептің директоры болады. Ал, сұрапыл Ұлы Отан соғысы жылдарында ол аудандық «Ленин жолы», облыстық «Социалистік құрылыс» және «Прикаспийская коммуна» газеттерінің Махамбет (бұрынғы Бақсай) ауданындағы меншікті тілшісі қызметін атқарады. Ағамыздың баспасөз қызметіндегі жемісті еңбегі ескеріліп, талай рет «Социалистік құрылыс» газетінің мақтау грамоталарымен марапатталады. Саулығы кеміген соң 1945 жылы өмірден өтеді…
Туған жердің аты туған жер ғой. Атырауға ат басын бұрған сайын кіндік қанымыз тамған ауыл, сондағы жора-жолдастар, балалықтың балдәурені өткен мекен – бәрі ыстық. Уақыт тауып, Шарафиден Сабырқұлов аға еңбек еткен қара шаңырақ – облыстық газет редакциясына кіріп шықтым.
…Бүгінде мен де еңбек ардагерімін, зейнет демалысындамын. Зайыбым екеуміз ұл-қыздың қызығына бөленіп, немере-шөбере көрудеміз. Осы мақаланы жазу себебім, облыстық «Атырау» газетінің бір кездегі қызметкері болған Шарафиден Сабырқұлов туралы баяндау еді. Газеттің бүгінгі жас буыны сондай аға, аталары ұжымда еңбек еткенін біле жүрсін деген тілегім.
Әру САБЫРҚҰЛОВ,
Ақтау қаласы.