Өміріңізді өзгертетін 16 сұрақ
Өміріңізді жақсартқыңыз келсе өзіңіздің өзіңізге қойған сұрақтарға шынайы жауап беріңіз. Біздің өмірімізде сұрақтардың жауабы маңызды рөл атқарып жүр. Мектептегі, жоғары оқу орнындағы емтихандар соған мысал бола алады. Дегенмен, адамның жеке өмірінде өзіне қойған сұрақтары көп нәрсені өзгерте алады. Оны мамандардың өзі растап отыр.
«Адамның жауабына қарап емес, қойған сұрағына қарап баға бер», – дейді Вольтер.
Өзіңізге үнемі сұрақ қойып жүруді әдетке айналдырыңыз. Төмендегі 16 сұрақты өзіңізге қойып, өміріңізге қалай өзгеріс енгенін бақылаңыз.
Ыңғайлы болуы үшін сұрақтар тізімін сақтап алыңыз. Сосын, айына бір рет осы сұрақтарды қайталап өзіңізге қойыңыз.
Өмірлік үйлсім
Бұл топ сұрақтарына «иә» немесе «жоқ» деп жауап берсеңіз жеткілікті
- Мен бақыттымын ба?
- Өміріме ризамын ба?
- Қызметім ұнай ма?
- Мен өзімді жақсы сезінемін бе?
- Мен өзімді дамытуға жеткілікті уақыт бөліп жүрмін бе?
Сіз өзіңізді жақсы сезінбесеңіз, қызметіңізді ұнатпасаңыз немесе өміріңізге риза болмасаңыз толыққанды бақыттымен деуіңіз қате. Егер ең болмаса бір сұраққа «жоқ» деп жауап берсеңіз сол мәселемен күресуіңізге тура келеді.
Жұмыс
Адам бір күнде орташа есеппен 16 сағат ояу жүреді. Оның 8 сағаты жұмысқа кетеді. Сондықтан жалақыңыз қанағаттандырмаса, жұмыс орныңыз жайлы болмаса жағдайыңыз қиын.
- Мен жаңа нәрселерді үйреніп жүрмін бе?
- Менің мансабым, лауазымым жоғарылап жатыр ма?
- Менің жұмысым қаншалықты маңызды?
- Өз құзыреттерімді қалай кеңейте аламын?
- Мен тек жақсы нәрселерді істеп жүрмін бе?
Өнімділік
Бұл сұрақтар сіздің іске келгенде қандай екеніңізді көрсетеді.
- Менің өмірімде бірінші орында не тұр?
- Мақсат орындалу үшін не істеу керек?
- Мен қандай тапсырмаларды орындауды тоқтатуым керек?
- Қандай міндетті істерді істемей жүрмін?
- Қандай сұрақтарды өз-өзіме қоймай жүрмін?
Біреуге көмектескеннен бір нәрсе кеміп қалады деген ойдан арылыңыз. Сонда ғана өмірдің мәні толыққанды болатына сеніңіз.
- Мен бүгін ең болмаса бір адамға көмектесе аламын ба?
Сұрақтардың барлығы қарапайым болғанымен, бақытты ғұмыр кешудің кепілі бола алады.
Хорлан Смадияр