Жарнама
Қоғам

Атырау облысының әкімі ШҰҒЫЛ ЖИЫН өткізді

«Теңіз» кен орнындағы апатты жағдайға байланысты шұғыл жиын өтті.

Бүгін, Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов «Теңіз» кен орнында болған апатты жағдайға байланысты шұғыл жиын өткізді, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі. Жиынға «Теңізшевройл» ЖШС, ТЖД, ПД өкілдері мен жауапты басқарма басшылары қатысты. Серік Шәпкенов қаза болған жұмысшылардың жақын туыстарына қайғырып көңіл айтып, қаза тапқандар мен зардап шеккендердің отбасыларына қажетті материалдық көмек көрсетілетінін жеткізді.

Сондай-ақ аймақ басшысы облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысына жарақат алған жұмысшыларға медициналық көмек көрсетуді тапсырды.Апаттың себеп-салдарын анықтау мақсатында облыстық деңгейде арнайы комиссия құрылып, заң аясында жұмыстар жүргізіледі.Бұған дейін «Теңізшевройл» кәсіпорны 6 шілде күні «Senimdi Kurylys» мердігер ұйымы мен оның қосалқы ұйымдары қызметкерлері құрылыс алаңында атқарған гидравликалық сынау кезінде қысымның түсуі орын алып, салдарынан мердігер ұйымының үш қызметкері жарақат алып, екеуі қаза тапқанын хабарлады.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button