ШҰҒЫЛ: Мектеп түлектері жантүршігерлік жол апатына түсті…

628ef0c97b2e4 Қоғам

Маңғыстау облысында мектеп бітірген түлектер жол-көлік оқиғасына ұшырады.

«25 мамыр күні Сайотеса ауданындағы тасжол бойында болған жол-көлік оқиғасы салдарынан 7 мектеп бітіруші түлек зардап шекті. Жетеуі де түрлі деңгейдегі жарақат алған, оның ішінде екеуінің жағдайы ауыр» деді Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің жетекшісі Мөлдір Әділ.

Ұсынылған ақпаратқа сәйкес, зардап шеккен екі жасөспірім санитарлық авиацияның көмегімен облыстық ауруханаға жеткізілген.

«Зардап шеккен 2 жасөспірімнің жағдайы ауыр. Қалған 5-нің жағдайы орташа ауыр деп бағаланып отыр. Барлығы да Маңғыстау аудандық ауруханасында ем алып жатыр» дейді Маңғыстау аудандық ауруханасы директорының орынбасары Орынгүл Мұқанова.

«ҚазАқпарат»

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз