ҮШТІЛДІЛІК – ӨМІР ТАЛАБЫ

Қазақ тілін басым дамыта отырып, орыс тілінің қолданылу деңгейін сақтау, ағылшын тіліне үйрету тіл саласындағы жұмыстардың басым бағыты ретінде белгіленіп отыр. 

Өмір сүріп отырған елдің мемлекеттік тілін білу  –  парыз. Осы орайда Ассамблея жанындағы тіл орталығы жұмыс жасап келеді. Соңғы кездері мемлекеттік тілді үйренуге  еңкейген кәріден бастап, еңбектеген сәбидің де ынтасы зор.

Өткен жылы әлем бойынша 500 мың кітап ағылшын тілінде жарық көрген. Ал,  қазақ тілінде 2 000 кітап шыққан. «Сол сияқты, оның ішінде ғылым-білім мен технология, медицина салаларында 30 мың материалдар жарық көрген болса, қазақ тілінде 200 ғана мақалалар топтамасы басылған. Ал, енді осыншама дүниелерді игеруіміз үшін біз қашанғы аударып алып отырамыз. Тікелей түпнұсқадан оқып, біліп, қайта жарық көріп жатқан жаңашылдықтарды игеруіміз үшін, қазірдің өзінде балаларымыздың ағылшын тілін үйренуіне жағдай жасағанымыз абзал».

Үштұғырлы тіл – жай әдемі тұжырымдама емес, өмірлік қажеттіліктен туындаған игілікті идея.

Күллі әлемге «ақылды» экономиканың авторы атанған елдер қарыштап дамуда. Ал, бұл бағыттағы толайым табыстарға ғаламшардағы үстемдік құрған тілдерді үйрену арқылы қол жеткізіледі.

 

Муса АЛИШАЕВ, Атырау облысындағы «Салам» дағыстан этномәдени бірлестігінің төрағасы.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз