ШИПАЛЫ АЛАҚАН ШАПАҒАТЫ
Ата-ана үшін бала қандай қадірлі де қымбат болса, бала үшін де ата-ана сондай қымбат. Осыны жете ұғынған біз, балалары, өзара ақылдасып, анамызды Алматы қаласына апармақ болдық. Анамызға осы ойымызды айтқанымызда, ол: «Әулие аттаған оңбас» деген сөз бар. «Мені қарап жатқан дәрігерлердің жүздері жылы көрінеді. Осы ауруханаға Құдай айдап келген шығар, тәуекел етейік. Мені қозғамаңдар», — деді. Ал, біз анамыздың жүрегінің нашарлығына, жасының үлкендігіне байланысты қатты қобалжыдық. Сөйтіп, Алматыдағы А.Н.Сызғанов атындағы ұлттық ғылыми хирургия орталық институты бас директорының орынбасары Нұрсұлтан Ізбағамбетовтан ақыл-кеңес сұрадық. Ол кісі бірден анестезиологтың мықты болу керектігін ескертті де, «сол институттағы медицина ғылымының докторы, профессор Ерғали Миербековке жолығыңдар» деді.
Алланың нұры жауғыр, бұл азамат та сол бойда Атырауға телефон шалып, біздің дәрігерлермен байланысып, көмекке дайын екенін айтты. Не керек, сол күні ол ұшақпен дереу Атырауға келіп, отаны бастап кетті. Осылайша Алматы мен Атырау дәрігерлері бірігіп, білікті команда құрды. Ота жасауда өздерінің үлкен әріппен жазылар маман екендіктерін осы жолы да дәлелдеп берді. Өз міндеттеріне адал, қолдары шипалы, жылы жүректі ақжелеңділер осылайша анамызға екінші өмір сыйлады.
Сол үшін де оларға — облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Меңдіхан Өтепқалиевке, А.Н.Сызғанов атындағы ұлттық ғылыми хирургия орталық институты бас директорының орынбасары Нұрсұлтан Ізбағамбетовке, аталған институттың анестезиология мен реаниматология бөлімінің меңгерушісі, медицина ғылымының докторы, профессор Ерғали Миербековке, сондай-ақ, облыстық аурухананың бас дәрігері Марат Құлбасовқа, осы аурухананың анестезиология мен реаниматология бөлімінің меңгерушісі Ғалия Нұрғалиеваға, хирургтар Сайын Шомиров пен Бауыржан Ахметқалиевқа, дәрігер Бакен Құлмұратовқа, кардиолог Рая Елеусіноваға, анестезиолог Альмира Досжановаға, мейірбикелер Жаңылсын Досжанова, Айым Ермекова, Индира Кубашева, Айнагүл Мұқашева, Жаңылсын Коктауова, Динара Алиева, Гүлназ Бтанова, Жадыра Қисметова, Күләш Садееваларға, сонымен бірге, әркез жанындағыларға жақсылық жасауға дайын тұратын палатадағы көрші сіңліміз Арайлым Садуақасоваға шексіз алғысымызды айтамыз.
Сондай қиын сәтте бізді өздерінің жылы сөздерімен, адал ниеттерімен демей білген алыс-жақын туыстарға, құда-жекжаттарға, дос-жарандарға, көрші-көлемге ризашылық сезімдерімізді білдіреміз. Бәріңіз де бас аман, денсаулықтың арқасында жұптарыңыз жазылмай аман-есен жүре беріңіздер. Бізге жасаған жақсылықтарыңыз әрқайсыңыздың алдарыңыздан шықсын!
Майра ЖҰМАҒАЛИЕВА,
Атырау қаласы.