Жарнама
Қоғам

ШАЛҒАЙДАҒЫ АУЫЛДЫҢ ШАРУАСЫ ОҢАЛДЫ

 

               Нұрсұлтан Назарбаев.

Ол Елбасының қамқорлығының арқасында мүмкін болды

Өңір  өркендесе, өмір  де  жақсарады

Ақиқаты да сол. Оған облыс орталығынан шалғайлау орналасқан өңірлердің бірі Қызылқоға ауданының

өмірінен де көз жеткізуге болады. Бірден айтуымыз керек, елдің игілігіне жарап жатқан жақсылықтың бәрі алдымен Елбасының, оның саясатының жергілікті жерде жүзеге асуына мұрындық болып отырған облыс басшысының еңбегі. Солай деп бағаласақ тіптен де артық емес, деп есептеймін. Олай болса, аймақтың дамуы өз бастауын ауыл-селодан алады, деп түйіндеуімізге негіз де жоқ емес.

Асыра сілтеп, орынсыз мақтағандық емес, өзіміз көзімізбен көріп, куәсі болып жүргеніміздей, Мемлекет басшысы болсын, аймақ басшысы болсын өңірімізге келген әр сапарында оның өзекті проблемалары мен келешегіне жіті назар аударып, шешімін күткен мәселелеріне көңіл бөліп, кездесу жиындарында көтерілген жайлардың, тұрғындар сауалдары мен өтініштерінің аяқсыз қалмауын, орындалыс табуын бақылауда ұстап,  қадағалайды. Құзыретті құрылымдар басшылары мен тиісті лауазым иелеріне нақты тапсырмаларын беріп отырады. Соның нәтижесінде, шалғай елді мекендерде тұратын ағайындар да өркениет көшіне ілесіп, елмен бірге игіліктерге ортақтасуда.

Әлгінде айтып кеткенімдей, бұған көптеген айқын мысалдар мен дәлелдерді келтіруге де болды.

Көп жылдар бойына қызылқоғалықтарға қолжетпес армандай боп көрінген табиғи газ желісі тартылды. Енді міне, ауыл мен аудан арасына тақтайдай тегіс асфальт жолдар төселіп, «Ақ бұлақ» бағдарламасы аясында таза ауыз су да жетті. Кейінгі кездері селоішілік жолдар да жөнге келтіріліп, тіпті «үш ұйықтасақ түсімізге де кірмейтін» жаяу жүргінші жолдары да төселе бастады.

Елбасының бастамасымен қолға алынған «100 мектеп, 100 аурухана» мемлекеттік бағдарламасы аясында Есенгелді Нұршаев атындағы ауылда мектеп-гимназия, аудандық орталық аурухана, туберкулез ауруханасы, Тайсойған ауылындағы Ғабдол Сланов атындағы орта мектептің ғимараттары жаңадан салынып, пайдалануға берілді.

 Мұның сыртында, қайта жаңғырту бағдарламасы бойынша облыстық бюджеттен 217 млн.863 мың теңге қаржы бөлініп, оған аудан орталығы – Миялы селосындағы «Нұршуақ» балабақшасының (250 орындық) ғимараты күрделі жөндеуден өткізілген. Мекемеге бұған дейін жұмыссыздар есебінде тұрған ондаған адам қызметке қабылданған. Бұдан бөлек, 3-6 жас аралығындағы балдырғандарды мектепке дейінгі мекемемен қамту жөніндегі ата-аналардың өтініштері толығымен орындалды. Осылайша, бүгінгі таңда ауданда 13 балабақша тұрақты жұмыс жасап, бұл жөніндегі рейтінгілік көрсеткіште  Қызылқоға өңірі облыста бірінші орынға шығып көш басатағаны да мерей. Енді бір айтарымыз, 2014-2020 жылдар аралығына есептелген «Балапан» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 2015-2016 жылдарға арналып бекітілген «Қадамдық жоспарда» аудандағы  іргелі де ірі елді мекендердің бірінен есептелінетін Сағыз селосында 250 орындық тағы бір балабақша құрылысын салып, іске қосу жоспарланған. Оған қоса, «Тасшағыл» өндірістік кооперативінің төрағасы, аудандық мәслихаттың депутаты Оңғар Жанықұловтың облыс әкіміне қойған сауалы ескеріліп, Тасшағыл селосынан да 80 бүлдіршінге шақталған «Жазира» атты балабақша бой көтеретін болыпты.

Байқап жүргеніміздей, соңғы жылдары жергілікті тұрғындарды, әсіресе, жоғары оқу орындарып бітіріп, дипломмен ауылға келген жастарды мамандықтарына сәйкес бюджеттік мекемелерге (мұғалім, дәрігер, мемлекеттік қызметші, т.б.) жұмысқа орналастыру, одан қалды жаңадан ашылып жатқан өндіріс орындарына жұмысқа тартуға да айрықша ден қойылуда. Сонымен бірге, олардың әлеуметтік мәселелерін (баспанамен қамту, отбасылы жастардың балаларын балабақшаға, мектепке орналастыру, денсаулықтарын қадағалау, т.б.) бірінші кезекте шешіп, тұрмыстық жағдайын жақсартуға септесу де ұдайы назарда ұсталатындығы көңіл тоғайтады.

Ежелден өнер қонған ел танылғандықтан мәдениет пен өнерде, жалпы рухани салада өрге озып, төрден орын алған жайымыз бар.

Атакәсіп – мал шаруашылығымен қатар егіншіліктің, тұтастай алғанда ауылдағы кәсіпкерліктің өрісін кеңейтіп, шағын және орта бизнесті дамыту да қазіргі уақытта күн тәртібінен түспейтін мәселеге айналғандығы шындық  Мемлекет  тарапынан жан-жақты қолдау көмек көрсетілуінің арқасында бұл сала да адымдап алға басты. Өз ісін қолға алып, кәсіппен шұғылдануға ниет танытқандарға түрлі мемлекеттік бағдарламалар бойынша жеңілдетілген пайызбен несиелер, субсидиялар берілуде.

 Елбасы бастамашысы болған «Жасыл ел» бағдарламасын іске асыру бағытында да жобаланып, жоспарланған жұмыстардың аз еместігі аңғарыла бастады. Соның куәсіндей, көшелеріміз көгалдандырылып, ауылымыздың сәні келтірілді. Сайып келгенде, осындай оң үрдіс ауылдықтардың атақоныстарында қалып, тұрақтануына, жеңіл тұрмысты аңсап, күнкөрісті көздеп, селоны тастап қалаға көшіп, қоныс аударып кету үдерісін тежеп, тоқтатуға, іргеміздің бүтін, берік болуына ықпал ететіндігіне кәміл сенемін.

Әрине, бәрі бірдей керемет, жұмақтағыдай тірлік кешіп отырмыз деп әсірелеп айтудан да аулақпыз. Ел іші болғандықтан кейбір қиындықтар мен кемшін қалған тұстарымыздың да кездесетінін жасырмаймыз. Әйтсе де, бүгіндері баршамыз басшылыққа алып, бағдаршамдай алдымызға ұстап отырған, бес тұғырлы реформаға  негізделген, нақты жүз қадамнан тұратын Ұлт жоспары, оған қоса бүгінгі Жаңа экономикалық шаралар бізге бұл тығырықтан қалай шығудың жолдарын көрсетіп, бағыттарын анықтап бергені даусыз. Одан үлкен-кішіміз тысқары қалмай, мүдделілік танытып, қолымыздан келгенінше үлес қосуға тиіспіз. Тек сонда алға басып, жарқын болашаққа жетеріміз хақ.

Әманда Елбасымыз бен ел жұртымыз аман, тыныш та бейбіт заман болғай, деп тілеймін. Сол үшін де ақсақалдық батамды беремін.

Төлеп ТІЛЕГЕНОВ,

«Құрмет белгісі»

орденінің иегері,

республикалық дәрежедегі дербес зейнеткер,

Қызылқоға ауданының Құрметті азаматы.   

 

Болашақ – аграрлық секторда, әсіресе, шағын және орта бизнес түріндегі жаңа өңдеу кәсіпорындары желісін құруда. Бұл тұста біз бизнесті несие арқылы қолдауға тиіспіз. Фермерлер ұзақмерзімді қаржыландыру мен өткізу нарықтарына делдалсыз, тікелей шыға алатын болуға тиіс. Ауыл өндірушілерінің қарыздарын кепілдендіру және сақтандырудың тиімді жүйесін

құру да өзекті мәселе.

    

       Нұрсұлтан

                   Назарбаев.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button