Жарнама
Қоғам

Шағынаудан күрежолмен жалғасады

Көлік саны көбейген сайын қала көшелерінде кептеліс те күшейіп, қозғалысқа қиындық келтірері даусыз. Осы проблеманың оңтайлы шешім табуына республикалық маңызы бар  Атырау-Астрахан тас жолы арқылы «Нұрсая» шағынауданына тікелей шығуға мүмкіндік беретін жол құрылысы жобасын айтуға болар еді. Ұзындығы 1,4 шақырымды құрайтын жаңа жол «Самал» шағынауданындағы 31 көше мен Атырау-Астрахан трассасын қоспақ.

Бұл жұмыс осы жылдың алғашқы тоқсанында басталады деп күтілуде. Білгеніміздей, Атырау қаласында іске асырылуы жоспарланған тағы бір жоба Жастар көшесінен Әбілқайыр даңғылына шығуға мүмкіндік беретін жол құрылысы.

Үш шақырымдық жолды салу жұмысы 2023 жылы басталыпты. Осыған дейін оның екі шақырымына асфальттың алғашқы жабындысы төселген. Көпір құрылысы қолға алынған. Бұл жобаның да  жыл соңына дейін аяқталатыны мәлім болды.
Ең басты да маңызды жаңалық – халық мейлінше тығыз қоныстанған шағынауданға қатынасатын көлік жолының күрежолмен жалғасып, кептелісті жеңілдетуге септесетіні болып отыр.


Ерболат НАСИМУЛЛИН,

Исатай аудандық қоғамдық кеңесінің төрағасы

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button