ШАҢЫРАҚТЫҢ КЕНЖЕСІ

Нұрсұлтан Оспанов – Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің екінші курс студенті. Болашақ аудармашы. 1995 жылы 22 қыркүйекте дүниеге келген. Үшінші сыныптан бастап ағылшын тілін меңгеруге ден қойыпты. Қолы боста спортпен айналысады.

 

Орта мектепті бітірген соң, Чех мемлекетінің Прага қаласында қонақүй бизнесі бойынша екі жыл оқыған. Одан соң, Астана қаласындағы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Ағылшын тілі» факультетіне оқуға түсіпті. Денсаулық жағдайына байланысты екінші курстан бастап Атыраудағы университетке ауысады.

Нұрсұлтанның есімін нағашысы қойыпты. «Есімі ел аузында ұлықталған, халқының сый-құрметіне бөленген Елбасына ұқсап өссін. Жақсының ісі жұғысты болсын» деп аузына түкіріп, жиенімнің есімін Нұрсұлтан деп қойдым» дейді Нұрлыбек Аханов бізбен әңгімесінде. Шаңырақтың кенжесі болса да еркеліктен гөрі, естілікке үйір бозбаланың алар асуы  алда.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз