Жарнама
Қоғам

Сенімге лайық серпін

«Мемлекеттік қызметтегі әр адам ол  өз  елі және өзінің халқы үшін не жасауға міндетті екенін және осы сенімге  сәйкес  әрекет ету керек екенін айқын ұғынуы тиіс».

Нұрсұлтан Назарбаев.

  Елімізде 99 мың 318 мемлекеттік қызметші болса, оның 3547-сі – Атырау облысында. Басқару жүйесін жетілдіру, кадрлар біліктілігі мен жауапкершілігін арттыруға басым бағыт беріліп отырған қазіргі жағдайда мемлекеттік қызметшілерге қойылатын талап аса күрделі. Атырау облысы әкімі аппаратының Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау, біліктілігін арттыру және тілдерді оқытудың өңірлік орталығы кадр дайындауда инновациялық технологияларды кеңірек енгізуде жүйелі жұмыстар атқаруда. Біріншіден, мемлекеттік әкімшілік қызметке алғаш келген және басшылық лауазымға тағайындалған мемлекеттік қызметшілер үш-төрт апталық қайта даярлау курстарынан өтеді. Мамандандырылған интерактивті семинарлар, мемлекеттік, ағылшын және орыс тілі курстарының да маңызы зор. Екіншіден, дәстүрлі, инновациялық және қашықтықтан оқыту жүйесі іске қосылды. Дәріс-тренинг, семинарлар, тәжірибелік сабақтар, іскерлік ойындар, кейс-стади, топтық жұмыстар оқу әдістемесінің негізгі жұмысы болып табылады. Үшіншіден, шалғай аудандарда көшпелі семинар, курстармен бірге, өндіріс орындарында тәжірибелік сабақтар өткізу оң нәтиже беріп келеді. Мәселен, облыстық мүгедектерді сауықтыру орталығында, Сиыр сүтін өңдеу зауытында, «Бірінші мамыр» ЖШС сүт өңдеу және қышқыл сүт өнімдерін өндіру кешенінде, «Қоғамдық келісім» мекемесінде практикалық сабақ ұйымдастырылды. Курс барысында «ҚАЗТЕСТ» бағалау жүйесі туралы кеңірек ақпарат беріліп, тіл саясатына қатысты іс-шаралар өткізілді. Төртіншіден, іс қағаздары мен құжат айналымы саласындағы білімді жетілдіру мақсатында практикалық семинарлар жүргізілді. Орталық оқытушылары мемлекеттік қызметкерлерге құқықтық білім беруге де атсалысады. «ҚР Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңы, «ҚР Еңбек кодексі», «Әдеп кодексі» бойынша әдістемелік семинарлар өткізу де оң нәтиже беріп отыр. Қорыта айтқанда, өңірлік орталықтың қызметі – заманауи білім берумен ғана шектелмейді, персоналдардың жауапкершілік, іскерлік дағды, адамгершілік құндылықтарын дамыта отырып, мемлекеттік қызметшілердің жағымды имиджін қалыптастыру мақсатында қызмет етеді.

  Марина МҰҒАУИНА, Атырау облысы әкімі аппаратының Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау, біліктілігін арттыру және тілдерді оқыту өңірлік орталығының бөлім меңгерушісі.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button