Жарнама
Қоғам

Сенім жүгі жеңіл емес

28 қазанда барлық деңгейдегі мәслихаттардағы шығып қалған депутаттардың орнына сайлау өтті. Облыстық мәслихаттың депутатын сайлау жөніндегі №11, №15 және №21 сайлау округтері бойынша дауыс беру бюллетеніне енгізілген үміткерлердің үшеуі «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы арқылы ұсынылса, қалған алтауы өзін-өзі ұсынғандар.

????????????????????????????????????

Біз облыс орталығындағы №11 сайлау округіне қарасты №28 сайлау учаскесінде болдық. Атырау қалалық әділет басқармасының ғимаратында орналасқан учаскеде дауыс беру тізіміне 2762 сайлаушы енгізілген. Мұнда сайлаушылардың дауыс беруі таңертеңгі сағат жетіде басталды. Учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы Айбек Қадырәлиевтің айтуынша, сайлау учаскесіне келіп, Конституциялық құқықтарын пайдаланғандар қатарында түрлі жастағы сайлаушылар бар.

– Біздің учаскедегі денсаулығына байланысты өздігінен жүріп-тұра алмайтын сегіз сайлаушының мекен-жайына жылжымалы дауыс беру жәшігі апарылды, — деді комиссия төрағасы Айбек Қадырәлиев.

Н.Крупская атындағы орта мектепте орналасқан сайлау учаскесінде дауыс берушілер тізіміне Махамбет, Баймұқанов, Маяковский, М.Горький, Майлин, Мәмекұлы, Сланов және Фрунзе атындағы көшелерде тұратын 2595 сайлаушы енгізілген. Кешкі сағат 17.00-ге дейін олардың 65 пайызы өз таңдауын жасап үлгерген. Аққауыс Қашқынбаева деген әжейдің жасы сексенге таялса да сайлау учаскесінде алғашқылардың бірі болып дауыс берді. Сондай-ақ, осы мектептің түлегі Әлібек Лепесов бірінші рет дауыс беруге келген екен.

 – Сайлау учаскесінде партиялар мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері байқаушы ретінде қатысты. Ешқандай заңсыздық орын алған жоқ. Комиссия мүшелері өз міндеттерін тиянақты атқаруға жұмыстануда, — дейді біз сөзге тартқан учаскелік сайлау комиссиясының төрайымы Гүлшара Менешова.

Сайлау учаскелерінің барлығында да депутаттық мандатқа үміткерлер туралы қысқаша ақпарат бар. Сайлау-шылардың бірқатары өз таңдауын жасар алдында үміткерлердің өмір жолымен танысуына жағдай жасалған. Кешкі сағат 20.00-де барлық сайлау учаскелері жұмысын аяқтады.

 Бақытжан ЖҰМАТ

Суретті түсірген: Әнуар ӘБІЛҒАЗИЕВ.

 

Related Articles

One Comment

  1. сайлауды өткізу және сайлауға қатысу жалпы өте жауапты іс. сайлауға әсіресе жастарды тарту керек. себебі олардың ойлары және көзқарасы ерекше болып келеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button