Жарнама
Қоғам

САРЫҚАМЫСТА ТҰРҒЫН ҮЙ КЕШЕНІ ЖАНЫП ЖАТЫР…

«Гаухартас» тұрғын үй кешенінен өрт шықты…

11.07.22 жыл сағ 14:52 (жергілікті уақыт) CALL центр орталығына Атырау қаласы, «Гаухартас» тұрғын үй кешенінен түтін шығып жатырғаны жөнінде хабар түсті.

Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткен кезде 8 пәтерлі (1 пәтер пайдаланусыз тұрған) екі қабатты №3 үйдің жалпы ауданы 80х15 м. (1200 ш.м) болатын екінші қабаты мен төбе жабындысының толықтай ашық отпен жанып жатырғаны анықталды.

Өрт кезінде 21 адам оның ішінде 13 бала өздігінен далаға шықты.
Айта кету керек, бүгін, 11.07.2022жылы 9:54 Атырау қаласы, Гаухартас тұрғын үй кешені, №3 үйдің №2 пәтерден түтін шығып жатырғаны жөнінде хабар түскен болатын. Тоқтың қысқаша тұйықталуынан (ұзартқыш) тұрмыстық заттар мен жиһаздардың жануы болды. Өрт сағат 10:14 (жергілікті уақыт) оқшауланып, сағат 10:20 (жергілікті уақыт) жойылды.

Өртті сөндіруге Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінен 65 қызметкер, 12 бірлік техника; ПД (20 қызметкер 9 бірлік техника), ҚР ТЖМ АМО (3 қызметкер, 1 бірлік техника), «Семсер Өрт сөндіруші» АҚ (3 қызметкер, 1 бірлік техника); «Ақберен» АҚ (2 қызметкер, 1 бірлік техника); Солтүстік Каспий мұнай төгілімдеріне ден қою экологиялық базасы (4 қызметкер, 1 бірлік техника) жұмылдырылды.

Жалпы есеппен 97 адам 25 бірлік техника жұмылдырылды.
Өрт сағат 16:25 (жергілікті уақыт) оқшауланды, сағат 16:51 (жергілікті уақыт) жойылды.

Өрт салдарынан зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда.

«Атырау облысы ТЖД Қоғаммен байланыс тобы»

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button