Сақтықта қорлық жоқ…

Кеше Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев карантин шараларын кезең-кезеңімен жеңілдету арқылы екі аптаға ұзартуды тапсырды. Ал, мұның алдында эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру үшін шілде айында енгізілген шектеу шаралары оң əсерін бірден байқатқан еді.

Иə, вирус жұқтырушылардың көбейіп кетуі əр адамды алаңдатты. Дереу карантин шаралары күшейтілгеннен кейін ауырғандар саны да, жедел жəрдемге жүгінушілер де, дəріхана кезегіне тұрғандар да бірден азайды. Əрине, мұның бəрі облыс басшылығының ахуалды бақылауға алып, ұйымдастыру жұмысының нəтижесі. Ал, адам өмірінің арашашысы болған медицина қызметкерлерінің еңбегі ерлікпен пара-пар. Мұны Ресейден келген дəрігерлер де растады. Облыстың медицина саласына жағымды пікір білдірген ресейліктер, біздің дəрігерлердің кəсіби біліктілігі жоғары екенін айтты.

Сондықтан осы қалыптасқан ахуалды одан əрі жақсарту үшін карантин талабының ұзартылғаны құптарлық шешім. Қазір əр адам өзінің, отбасының, тұтас халықтың саулығын ойлауы керек. Сол үшін облыста қаншама жұмыс атқарылды? Мұның бəрін «Атырау» газетінен оқып-біліп, хабардар болып отырмын.

Егер тағы да сақтыққа селқос қарасақ, жағдайды қиындатуымыз мүмкін. Жақындарымызға жанашыр болайық!

Надежда БАЗАРБАЕВА,
көпбалалы ана.
Махамбет ауданы

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз