Жарнама
Қоғам

САЛТАНАТЫ БӨЛЕК САЯБАҚ

Жобаның құрылысын жүргізуге «Алем Констракшн Груп» серіктестігі таңдалды. Құрылысты «Теңізшевройл» бірлескен кәсіпорны «Игілік» бағдарламасы аясында қаржыландыруда.

«Алем Констракшн Груп» серіктестігінің бас директоры Нұрлыбек Ищановтың айтуынша, саябақ болашақта тұрғындарды ретрокафе, көрме павильоны, амфитеатр сияқты демалыс орындарымен қуантады. Күні бүгін құрылыс басында 13 инженер-техник, 70 жұмысшы және оннан аса әр түрлі техника жұмыс істеуде. Жоба бойынша 750 түп ағаш отырғызылады. Құрылыс жұмыстары аяқталған соң оның сапасына бір жылдан бес жылға дейін кепілдік беріледі.

Сонымен қатар, саябақтың жалпы жобасында жасанды тоған, төрт субұрқақ болады деп жоспарлануда. «Субұрқақтардың екеуі әуенді болмақ, ол тоған ортасына орналасады. Ал, көгал алаңы 1,9 гектарды құрайды. Түрлі гүлзарлар бой көтермек. Сондай-ақ, архитектуралық элементтер мен мүсіндер де саябақтың ажарын ашады» дейді  «Теңізшевройл» ЖШС арнайы жобалар бөлімінің менеджері Қанат Ұлханов.

Жоба бойынша аумағы 3,5 гектарды құрайтын ретросаябақ 2017 жылдың қаңтарында  пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button