СӘЛЕМ САЛУ – САУАПТЫ ҚҰНДЫЛЫҚ
Сондай ақ, бір-бірінің аман-саулығын сұрасу, Жаратушыға шүкіршілік ету, ниеттерінің ақ екенін білдіру. Мұсылман баласының бір-біріне сәлем беруі – сүннет, қабыл алуы – уәжіп. Себебі, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Бір мұсылманның сәлемін алу – уәжіп. Бір мұсылманның кездескен мұсылманға сәлем беруі – оның мойнындағы ақысы», – деген (имам Мүслім).
алпы, мұсылман бала- сы кезіккенде «әссәләму алейкум» (Сіздерге Алла Тағаланың бейбітшілігі болсын) деп сәлемдесу арқылы бір-бірінің амандығы мен есендігін, достық һәм бірлігін тілескен. Ардақты Елші (с.ғ.с.) «Сіздер сүйсінетін, оны істеген кезде қуанатын бір нәрсені айтайын ба?» «Өз араларыңда сәлемді жайыңдар, яғни сәлемдесіңдер!» — деген болатын. (Шарафуддин ад-Димяти. әл-Матжару ар-рабиху фи сауаби әл амал ас салих. Бейрут. 1990. 36-б.)
Сәлемдесу – әдептіліктің белгісі. Әр нәрсенің өзіндік әдебі болған секілді, қазақтың ұлттық дәстүрінде де сәлемдесудің өзіне тән әдебі бар. Жасы кіші үлкенмен, көліктегі жаяу жүргіншімен, жүріп бара жатқан отырғанмен, аз адам көп адаммен сәлемдескен. Келіндер ата-енесімен, қайын ағаларымен немесе үлкен кісілермен, тізесін сәл бүгіп, басын иіп, ибалық сәлем жасап, ишаратпен амандасқан. Мұның өзі қазақтың ең тамаша моральдық қасиеті болып табылады.
Ұлы Жаратушы иеміз адам баласын ең кемел, әрі көркем бейнеде қалыптастыра отырып, оны сансыз нығметтерге бөлеген. Бұған қоса, сол нығметтердің қадірін түсіндірсін, адамның әрі бүкіл болмыс атаулының жаратылыс мақсаты мен сырларын ұғындырсын деп, әр қауымға өз елшілерін жіберіп отырған. Осы орайда пайғамбарлар – адамзатқа әр нәрсенің өзіндік мән-мағынасы мен міндеті бар екенін ұқтыратын тәлімі мол ұстаздар. Бізді қоршап тұрған жаратылыстарды танып-біліп, Ұлы құдіретке бас июге шақырушы ардақты асыл тұлғалар да осы пайғамбарлар. Пайғамбарларға иман – Ислам дініндегі иман негіздерінің бірі. Ал, оларға келген ақиқат ортақ.
Ендеше, шариғатта ерекше саналатын сәлем беруді даттауға негіз жоқ. Сәлемдесудің түпкі мақсаты – адамдардың және жанұяның тату-тәтті, бақытты өмір сүруіне негізделген тетік болып табылады.
Жастарымыздың өзге елдің салтына ергенін, яки асыл дініміздің бұрмаланып, халық арасында бүлік шығуын көздегендер осы секілді мәселелерді күн тәртібіне қойып, қоғамда қарама-қайшылықтардың болғанын қалайды.
«Әр елдің салты басқа» демекші, әр елдің өз дәстүрін өз елінде дәріптегені дұрыс. Сәлем беру де, сәлем алу да – үлкен сауапқа кенелтетін құндылық. Ендеше, бір-бірімізді көргенде сәлем беріп жүрейік, ағайын!..
Қалмахан ЕРЖАН, теология ғылымдарының докторы, «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің Дінтану кафедрасының меңгерушісі,
Алматы қаласы.