САЙЛАУ ҚАРСАҢЫНДА ТУҒАН ОЙ

Нұрсұлтан Құмарғалиев Атырау индустриалды колледжінде «Электр-газбен дәнекерлеуші» мамандығы (бұл мамандыққа мекемелер тарапынан сұраныс жоғары) бойынша 2 курста оқиды. Болашақта жоғары оқу орнында білімін жетілдірмекші.

 

Ол –  өз ісіне мығым, үлкенге жәрдем беруге даяр тұратын елгезек жас. Қатарластарына қарағанда өзін салмақты ұстайды. Қолы бос уақытта футбол ойнағанды ұнатады. Компьютер, ұялы телефондарды жөндейді. Арнайы курста ағылшын тілін үйреніп жүр.

Нұрсұлтан 1998 жылы 3 желтоқсанда, Президент сайлауы қарсаңында дүниеге келген. Келесі жылдың қаңтар айында өткен ел өміріндегі елеулі оқиғаның алдында атасы Құмарғали немересіне Президенттің есімін береді. Атасының «Елбасындай еліне елеулі, халқына қалаулы ұл болсын. Өз ісінің шебері болып, ұлтына қалтқысыз қызмет етсін. Тәуелсіздігіміздің тұғырлы болуына ел азаматы ретінде теңіздің тамшысындай болса да өз үлесін қоссын» деген тілегі болды. Ата-анасы Расифулла мен Маржан да ұлдары Нұрсұлтанның келешегінен зор үміт күтеді.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз