Қоғам
Садақа кезіндегі ас мәзірі бекітілді
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Атырау облысы бойынша өкілдігі өңірге қарасты құдайы ас (садақа) мәзірін бекітті.
«Иманғали» орталық мешіті баспасөз қызметінің хабарлауынша, жаназа дастарханына ұсынылған ас мәзірі 7 негізгі тағамнан құралған. Бұл тізімге бауырсақ пен нан, шелпек, қаймақ, бір ыссы тамақ, қант, су, шәй кіреді.