ҚҰРМЕТТІ ОБЛЫС ТҰРҒЫНДАРЫ!

Сіздерді егемен еліміздің ең жарқын мерекесі – Ата Заң күнімен шын жүректен құттықтаймын!

 Елдігіміз бен егемендігіміздің белгісі болған Ата Заңымыз – Тәуелсіздігіміздің айғағы ғана емес, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына кепіл болар заңды құжатымыз!
Елімізде тұрып жатқан түрлі ұлт пен ұлыстардың теңдігінің, бостандығының, демократиялық қоғамдағы ашықтықтың басты кепілі – осы Ата Заңымыз.
Бүгінде әлем мойындаған Қазақ елінің жеткен жетістіктері мен алған асулары – осы Ата Заңымыздың аясында қабылдаған заңдардың нәтижесі.
Әрқашан бағындыратын биіктеріміз бен жасампаз жұмыстарымыз көп болғай!
Елімізге тыныштық, отбастарыңызға амандық, әр бастаған игі істеріңізге сәттілік пен жақсылық тілеймін!
Ата Заң күні құтты болсын!
Тәуелсіздігіміз мәңгілік болсын!

Саламат ДҮЙСЕНҒАЛИЕВ,
«Нұр Отан» ХДП Атырау облыстық филиалы
төрағасының бірінші орынбасары.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз