ӨРКЕНДЕУГЕ СЕРПІН БЕРЕДІ
Еліміздің ХХІ ғасырдағы даму мүмкіндігін айқындайтын «Қазақстан-2050» стратегиясын тиімді іске асыру жолындағы партияның рөлі осы доктринада айқын көрініс тауып отыр. Басты құндылығымыз – Тәуелсіздігіміз арқылы әділ қоғам құруға ұмтылудамыз. Мұндай қоғамда азаматтардың қауіпсіздігі қамтамасыз етіліп, олардың құқықтары мен бостандықтарына кепілдік беріледі. Әр адамның жеке әлеуетін іске асыруға тең мүмкіндіктер жасалады. Халық жоғары стандартқа сай өмір сүретін болады делінген. Біздің негізгі құндылықтарымыз: адам, бостандық, бірлік, әділеттілік, заңның үстемдігі, отбасы және дәстүр, болашаққа ұмтылыс. Съезд барысында Мемлекет басшысы осы айтылғандардың барлығын айқын ашып көрсетті.
Биліктегі партияның абыройы өкілдіктердің дәрежесімен емес, тарихи жауапкершілікті еселеу қабілетіне қарай өлшенеді. Облыс бойынша бүгінгі таңда сегіз партия филиалы жұмыс жасауда. Партия құрамында 27 552 адам, 140 бастауыш партия ұйымы бар. Партия тарапынан сайланған Қазақстан Парламенті Мәжілісі, облыстық және қалалық мәслихат депутаттары елді мекендер мен ауылдарды аралап, халықтың мұң-мұқтажымен танысып, мәселелерін дер кезінде шешуге жұмыстануда. Партия жанындағы «Жас Отан» жастар қанаты да өңірдегі жастардың белсенділігін арттыруда.
Саламат ДҮЙСЕНҒАЛИЕВ,
«Нұр Отан» партиясы Атырау облыстық филиалы
төрағасының бірінші орынбасары.