Жарнама
Қоғам

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ФЕСТИВАЛЬДЕН – ЖҮЛДЕМЕН!

Мүмкіндіктері шектеулі бола тұра жанына өнерді серік еткен олардың бірі тамылжыта ән салса, екіншісі музыкалық аспапта тамаша ойнайды. Үшіншісі мың бұрала би билейді. Фестиваль барысында «Жаса» вокалды-аспапты ансамблі мен шығыс биін орындаған Ақерке Боран – жүлделі бірінші орынды, домбырашы Кәмшат Уахитова – екінші орынды, ән орындау шеберлігінен Ринат Сиражев пен Ақерке Боран үшінші орынды иемденді. Жүлдегерлердің бәрі арнайы дипломдармен, бағалы сыйлықтармен марапатталды.

— Фестивальге қатысушылардың барлығына Алғыс хат табыс етілді. Ал, біз өз тарапымыздан үнемі қамқор көзқарас танытатын облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына, қаржымен қарасқан «Эра» ЖШС директоры Сәбит Құспановқа алғыс айтып, зор ілтипат білдіреміз, — дейді «Өмір гүлі» ансамблінің жетекшісі Тыныш Жақыпова.       

 Лиза СЕЙТІМОВА.

 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button