Жарнама
Қоғам

«Respublica» партиясы «Білімге қадам» акциясын жүзеге асыруда

«Respublica» партиясының тең төрағасы Сырымбек Таудың бастамасымен «Білімге қадам» акциясы ұйымдастырылуда.

Акция барысында Атырау облысындағы аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың балаларына мектепке қажетті құрал-жабдықтар мен сөмкелер үлестірілді. Бұл ретте көктемгі су тасқыны кезінде зардап шеккен өңірлерге ерекше екпін беріледі.

«Respublica» партиясы аймақтық бөлімінің басшысы Серік Молдағалиев және Атырау облысы филиалының директоры Ғалымжан Утебаев Құлсары, Атырау қаласы мен Махамбет ауданы Бейбарыс, Талдыкөл ауылдарының 300 отбасының балаларына оқу құралдарын табыстады. Мектеп құралдары «Алаш» топтамасы деп аталады және отандық өнім екенін атап өткен жөн.

Мәлике МӘЛІК

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button