Жарнама
Қоғам

Реновация мен инновация немесе ескі үйлердің екінші тынысы

БИЫЛ ҚОЛҒА АЛЫНҒАН АТЫРАУ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚОРЫН РЕНОВАЦИЯЛАУДЫҢ 2022-2026 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН БАҒДАРЛАМАСЫ ҚАЗІРДІҢ ӨЗІНДЕ ЖЕМІСІН БЕРІП ЖАТЫР. МАҚСАТ – ЕСКІ ҮЙЛЕРДІ ЖАҢАРТУ. ОСЫҒАН ОРАЙ, «ATYRAY» ГАЗЕТІНІҢ ТІЛШІСІ БАҒДАРЛАМАНЫҢ ЖЕМІСІН ТАТҚАН АЛҒАШҚЫ ТҰРҒЫНДАРМЕН ТІЛДЕСІП, ЖАҢА ҮЙЛЕРДІ ӨЗ КӨЗІМЕН КӨРІП ҚАЙТҚАН ЕДІ.

screenshot 8 4

«БІЗ БҰЛ КҮНДІ КӨП КҮТТІК…»

Жуырда құлауға шақ тұрған Абай көшесіндегі №28, 30, 34 үйлердің тұрғындары он қабатты жап-жаңа баспанаға көшіп, төбелері көкке жеткендей қуанды. Солардың бірі – №30 үйдің тұрғыны Жұбандық Бижанов.

– Біз бұл күнді көп күттік, — дейді ол бізбен əңгімесінде. – Себебі, сонау 50-60-шы жылдары салынған үйде біраз тұрдық. Жалғыз арманымыз – жаңа үйге көшу болатын. Ақыры, арманымыз алдамай, жасымыз алпыстан асқанда ойдағыдай баспанаға да қол жеткіздік. Оның үстіне, жаңа қонысымыз бұрынғы үйімізден небəрі 30 метр жерде. Бұған жете алмай, өмірден өтіп кеткен көршілеріміз қаншама?!

Жұбандық осы кезге дейін екі бөлмелі ескі пəтерде тұрыпты. Бірақ, онда маза бермеген түрлі жəндіктерді қанша уласа да, қайран болмаған. Тіпті, талай рет жөндеу жұмыстарын жүргізгенмен, ескінің аты е скі екен, ештеңе де өзгермепті. Қала əкімдігінің қызметкерлері үйді апатты деп танығанымен, бұзуды қосымша қаражат табылғанша кейінге шегерген. Ақыры, балалары ер жетіп, баспаналы болып та үлгеріпті. Құрылыс компаниясының өкілдері əуелі тұрғындардың ауызша келісімін алған. Тұрғындарға ескі үйде қанша бөлме болса, соншасы берілетін болып шешіледі. Ал, қосымша ақы төлеймін деушілер болса, тағы бір бөлме қосылады екен.

Үйдің ауласы да кең. Онда балалар ойнайтын алаң, демалыс орны, жасыл желек жайқалған бақ – бəрі қарастырылған. Қысқасы, инвестор тұрғындарға берген уəдесін орындап, көңілдерінен шықты. Енді олар Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театрының тура жанындағы «AYAGOZ RESIDENCE» деп аталатын элиталық үйде тұрады.

screenshot 9 5

ҮШ ШАРШЫ МЕТР АРТЫҚ

Жарты ғасырдан бері жаңа баспанаға қол жеткізе алмай келген Қарлығаш Төстікованың да қуанышында шек жоқ.

– Тура үш жыл бұрын «Асар Құрылыс Групп» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшысы алғаш есігімізді қағып, ескі үйімізді жаңаға ауыстыруға ұсыныс жасағанда сенер-сенбесімізді білмей, абдырап қалдық. Бірден болмаса да, кейіннен төрт үйдің тұрғындары ойланыптолғанып келісімін берді. Ал, қалған бір үйдегі үш отбасы əртүрлі себеппен əлі де келіспей отыр. Қазір алаяқтар көбейген заман ғой, бастапқыда біз де қорықтық.  Бірақ, жаңа үйдің қай қабаты мен е сік-терезесіне дейін өзіміздің таңдап алуымызға мүмкіндік бергенде, аузымызды ашып, таңдайымызды қақтық. Өйтпегенде ше? Қысқа өмірде қырық құбылған заманда өз қаржысына үй салып беретін құрылыс компаниясын табу қиынның қиыны! Біз балконның қызығын да енді көріп жатырмыз. Бұрын тіпті жуған киімді де жая алмаушы едік, — дейді ағынан жарылған зейнеткер.

screenshot 10 8

Бағдарламаның бір артықшылығы, апатты үйдегі тұрғындар алысқа бармай — ақ , іргедегі жаңа қонысқа көшеді . Мектеп , балабақша, дүкен, аялдама да бұрынғыша, қашық емес. Бір кезде Балықшы шағын ауданындағы ескі үйлердің тұрғындарын « Нұрсая » мен «Берекеге» көшіргенде көпшілігі келіспеген болатын. Өйткені, жаңа қоныс үйреншікті жерден əлдеқайда алыс еді. Оның үстіне , жаңа пəтердің жалпы аумағы 3 шаршы метрге артық екен. Бұл үшін қосымша ақы да алынған жоқ. Тағы бір ерекшелік – үй дайын күйде тапсырылып отыр. Яғни, күрделі жөндеуді қажет етпейді.

Айтпақшы, біз əңгімелеп отырған үйлерге осыдан он жыл бұрын да инвесторлар келген көрінеді. Олар ескі үйді бұзып, тұрғындарға жаңа үй салынып біткенше, уақытша баспана беруді ұсынған. Бірақ, тұрғындар бұған күмəнмен қарапты, болашақ нысанның «сақалды» құрылысқа айналып кетуінен қатты қорыққан.

screenshot 7 4

БОЛАШАҒЫ ЗОР БАҒДАРЛАМА

«Қаладағы тұрғын үйлерді коммуналдық қызметпен қамту» ЖШС басшысының орынбасары Рүстем Ерниязовтың сөзінше, бұл үй – мұнайлы мекенде биыл бастау алған бағдарламаның алғашқы қарлығашы.

– Реновация – бұрын-соңды іске аспаған жаңа бағдарлама. Оның орындалуына біздің мекеме жауапты. Бұдан ешкім ұтылмайды. Тұрғындар бұрынғы үйлерінен алысқа ұзамай, жаңасына көшеді. Ал, құрылыс компаниясы қаланың қақ ортасынан үй салып, кəсібін кеңейтуге мүмкіндік алады. Сондай-ақ, салынған үй заманауи талаптың бəріне сай. Бір ескеретін жайт – бағдарламаның шартына сəйкес, егер сүрілуі тиіс үйдің бір тұрғыны келісімін бермесе, онда одан ешкім де көшірілмейді. Тұрғындар түгел келіскен жағдайда ғана арнайы комиссия құрылып, əкімдік пен халыққа қызмет көрсету орталығымен тиісті жұмыстар жүргізіледі. Алайда, үйді күштеп бұзуға ешкімнің құқығы жоқ, — дейді ол.

screenshot 11 7

Қазан айының ортасында аталған бағдарламаны қабылдау жөнінде қаулыға қол қойылды. Демек, енді кез-келген инвестор ескі үйлерді жаңартуға үлес қоса алады.

ТҮЙІН …

Ескі үйді жаңартып, тұрғындарға қуаныш сыйлаған тиісті органдардың басшыларына да, жоғары сапалы баспана салып берген құрылыс компаниясының ұжымына да тұрғындар дән риза. Әсіресе, басыбайлы қонысы жоқ жастарға ауадай қажет. Ендеше, мұндай игі істің жалғасын табарына сенейік.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button