Құрбан айт намазы қашан оқылады?
16 маусым күні қасиетті Құрбан айт басталады. Сол күні таңғы сағат 6.30-да еліміздің барлық мешіттерінде Айт намазы мешіттерде оқылады. Бұл туралы Атырау облыстық «Иманғали» орталық мешітінің баспасөз қызметі хабарлады.
Бас имамның түсіндіруінше, шариғат үкімі мен ғылыми зерттеу жұмысының қорытындысына сәйкес, һижри жыл санауы бойынша 1445 жылдың зұлхижжа айының басталуы 7 маусым болып бекітілген. Арапа күні 15 маусымға сәйкес келеді. Ал 16 маусым – Құрбан айт мерекесінің бірінші күні.
Зұлхижжа айының алғашқы он күнінде барынша ықыласпен ғибадат етіп, көбірек игі істер мен ізгі амалдар жасауға тырысу керек. Өйткені, хадистерде сол уақытта орындалған игі істердің сауабы еселеніп жазылатыны айтылған. Ал, арапа күні ораза тұту – сүннет болып табылады.
Дәулетқали ЛАТИФҰЛЫ