
Қоғам
Құлсарыда 300 отбасы жаңа қонысқа ие болады
Құлсары қаласында 100 пәтерлі үш көпқабатты үй салынуда, деп хабарлайды Атырау облысы өңірлік коммуникациялар қызметі.
- Тұрғын үймен қамту — халықтың өмір сүру сапасының маңызды факторы. Ауданда бұл мәселеге үлкен көңіл бөлінуде. Ағымдағы жылы Құлсары қаласында 70 624 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, — деді Жылыой ауданының әкімі Халел Жамалов.
Спикердің айтуынша, Құлсарыда 231 көпқабатты үй бар. Олардың алғашқысы өткен ғасырдың 1950-1960 жылдары салынған, ал соңғы рет жаңа үй 2015 жылы пайдалануға берілген.
«Қазіргі уақытта тұрғын үй алуға кезекте тұрғын үйге мұқтаж 1300-ден астам адам тұр. Олардың 300-і жақын арада жаңа баспананы иеленеді» деді спикер.