Қосымша екі вагон жалғанды

291406927 5316157751771104 3899358378642641984 n Қоғам

«Атырау-Дина Нұрпейісова» бағытында қатынайтын жолаушылар пойызына 52 орыннан тұратын қосымша екі плацкарт вагоны жалғанды,-деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Бұған дейін аймақ тұрғындары жолаушылар пойызындағы вагон санын көбейту туралы бастама көтерген еді. Нәтижесінде жаңа құрам ертеңнен бастап жолға шығады. Айта кетерлігі, вагондарда жолаушылардың қолайлығы үшін салқындатқыш та қосылған.

  • – Бүгінде билеттер жасақталып, сатып алу сайттарына енгізілді. Қоғамның осал топ өкілдері мен мүмкіндігі шектеулі жандарға жеңілдіктер қарастырылған. Мәселен, олар кассадағы ұзын-сонар кезекке тұрмас үшін терминалдар орнатылды. Аталған топ өкілдері билеттерді 50% жеңілдікпен сатып ала алады,-деді облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Ерлан Баймұханов.

Бөлім басшысы алдағы уақытта тұрғындардың сұранысына байланысты қосымша вагондар қосу мүмкіндігі бар екенін де жеткізді.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз