Қоғам арасындағы құлдық психология

2018060817242273 Қоғам

Соңғы кездері «құлдық ойлау» немесе «құлдық психология» деген тіркестерді жиі естиміз.

Негізінен, «құлдық психология» – билкітің қандай да бір іс-әрекетін құптайтын жандарға қатысты тіркес. Алайда, «құлдық психологияның» адамдар арасында кеңінен тараған, бірақ өздері біле бермейтін формалары бар.

Ақшаның немесе басқа да құндылықтардың құлы болу, өз мансабының құлы болу, түрлі гаджеттердің құлы болу, өзінің емес, өзгенің ой-пікір, идеясының құлы болу – бұл «құлдық психология» түрлері, әрбір адам үшін қасірет емес пе?

Біздің қоғамда кедей, жақсы қамтылған және бай адамдар тобы бар. Мен өзімді жақсы қамтылған адамдар қатарына жатқызамын.  Және де қоғамда өз өміріңді қалыпты ұстау үшін, өз өмірін басқаруға мүмкіндік беретін материалдық әл-ауқаттың ең қолайлы деңгейі осы деп санаймын.Неге?

Себебі, одан кейін нағыздық құлдық басталады, онда ақша адам өмірін басқарады. Ал, материалдық игіліктер еркіндік сыйлайды дегенге тек сол нәрсеге  иелік етіп көрмеген адам ғана сенеді.

Жұмыс әрқашан қуаныш немесе қалаған табыс көзін әкелмейді. Бірақ, жұмыс сіздің өміріңіз бен жақындарыңыздан маңыздырақ болса, бұл одан да жаман. Мұндай құлдықта өмір сүру аса қиын.

Түрлі гаджеттердің құлдығына біз өзімізді өзіміз итермелейміз. Біреулер ең қымбат ойыншықтың иесі болғысы келеді, біреулер өзгелерге қызыққандықтан, ал кейбіреуі, тек сән үшін. Бұл бізді қоршаған барлық нәрсеге  қатысты. Смартфоннан қымбат көліктерге дейін. Егер көптеген гаджеттер адамдарды «желілік құлдыққа» тартса, онда бұл  «гаджеттік құлдықтың» шарықтау шегі болмақ.

Осылайша, көп жылдан бері «құлдық психологиямен» өмір сүріп келе жатқан адамдарды басқару оңай болмақ, себебі, олар өздерінің белгілі бір иесі, бағыттаушысы болуы керектігіне үйреніп қалған.

Сондықтан, құлдыққа емес, ақылдылыққа, еңбекшілдікке, ғылым-білімге бет бұрайық!

Жанарай Қалим,

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің1 курс студенті

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз