ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ӨМІРІН ЖАҚСАРТУДЫҢ ЖОЛДАРЫ ТАБЫЛДЫ
Президенттің Мәжілістегі сөздерінің қысқа-нұсқа түйіндерін ұсынамыз.
⚡ 2 күннен кейін ҰҚКҰ әскерлерін елден шығару басталады. Он күннен соң толық аяқталады.
⚡ 2025 жылға қарай елімізде беделді шетелдік бес жоғары оқу орындарының филиалын ашуды тапсырамын. Оның екеуі техникалық бағытта болады.
⚡ Мұғалімдер жетіспейтін өңірлер үшін тиісті қолдау шаралары кешені мен үздік мұғалімдерді тарту бойынша арнайы бағдарлама әзірлеуді тапсырды.
⚡ Үкіметке 2 айдың ішінде халықтың табысын арттыру бағдарламасын дайындауды тапсырды.
⚡ Депозиттердің пайыздық мөлшерлемесі өседі. 11 қаңтардан бастап ең жоғарғы пайыздық мөлшерлеме 3 және 6 айлық мерзімдегі депозиттерге қолданылады. Яғни, жинаққа қосылатын мөлшерлеме 2 пайызға өспек.
⚡Күштік құрылымдардың айлығын көтеру керек.
⚡ Жастарды әскери борышын өтеуге ынталандыруды қоғам болып ойластыру керек.
⚡ІІМ мен Ұлттық Ұлан құрамы санын арттыру керек.
⚡ «Самұрық-Қазына» мен оның құрылымдық бөлімшелеріне ревизия жүргізуді тапсырды.
⚡ «Самұрық-Қазына» қоры мен басқа да ұлттық компаниялардың сатып алулары тәртібін қайта қарастыру керек.
⚡ LRT жобасын тиімді аяқтауға отандық және шетелдік сәулетшілер шақырылады.
⚡ Үкімет мүшелері, әкімдер мен депутаттардың айлығының өсуіне 5 жылдық мораторий жарияланады.
⚡ Елден қаржыны тысқары шығарғандардың қатаң бақылау Ұлттық банк пен қаржылық мониторинг агенттігіне тапсырылды.
⚡ Мемлекеттік қызметтен кетудің тәртібі жеңілдетілуі керек.
⚡ Үкіметке «Оператор РОП» утильдік алым жинауына тыйым салуын тапсырды. Мұнымен шет мемлекеттердегідей мемлекеттік ұйым айналысуы керек. Алымдардың өзіне келсек, олардың ставкасы қайта қаралуы керек.