Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Әділ Жұбанов тұрғындарға үндеу жариялады

img 20240411 205535 551 Қоғам


Фейсбук парақшасында жариялаған бейнежазбада Атырау өңіріндегі кей аймақтарда жұмыстар сәуір айынан қауырт қарқын алғанын баяндады. Сондықтан ел болып, туған өлкені тасқын судан бірлесіп сақтап қалуға шақырды.

-Атырау облысында Жайық өзенінің жағалауында бөгет салу жұмыстары бойынша елді мекендерді аралап қайттым. Бәрі жақсы атсалысып жатыр, бірақ кейбір жерде белсенділік төмен. Бәріміз жағдайды естіп отырып, бөгет жасауға неге шықпай жатырмыз?! Бұл жұмыс біреу үшін емес, өзіміз үшін қажет. Өз үйімізді, туған жерімізді неге аман алып қалмаймыз?! Сондықтан бәрімізді белсенді болуға шақырамын! Бүгінгі күн – ертеңгі тарих! 1994 жылғы жағдай секілді биылғы ауызбірлігіміз де тарихта қалады. Қарапайым тұрғындар, барша еңбек ұжымдары, жастар, қазір біздің елдігімізді көрсететін уақыт. Алапат өртке тұмсығымен су тасыған қарлығаш құрлы болмай тұрғанымыз ба?! Ағайындар, жиналайық, күш біріктіріп, аймақты тасқын судан аман алып қалайық! – деді Әділ Жұбанов.
Малика ТӘКЕЖАНОВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз