Қоғам
Қазақстан халқының саны артты
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2024 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша халық саны 20 159 707 адамды құрады. Оның ішінде қала тұрғындары – 12 573 637 адам, ауыл тұрғындары – 7 586 070 адам.
Жарты жылдың ішінде халық саны 125 867 адамға артты, оның ішінде табиғи өсім есебінен 118 579 адамға, көші-қон есебінен 7289 адамға өсті.
Халық санының ең жоғары өсу қарқыны Астана мен Шымкент қалаларында, тиісінше 2,93% бен 1,38%, сондай-ақ Алматы қаласында тіркелді – 1,33%