Қаржылық қамқорлық үшін алғысым шексіз
Atr.kz/22 қазан, 2020 жыл. Жоғары білімді инженер-құрылысшымын. Бірнеше жыл қатарынан құрылыс саласында жұмыс жасап, ірі жобаларға араластым.
Осыдан екі жыл бұрын қарақшы шабуылына тап болып, инсульт алдым. Соның нәтижесінде көзім катаракта ауруына тап болды. ІІ топ мүгедегімін.
Осы карантиндік шаралар кезінде «Nur Otan» партиясының қолдауымен жүзеге асырылған «Біргеміз» акциясы аясында 50 мың теңге ақша алдым. Осы жылдың басынан бері 49 мың теңгеге көтерілген мүгедектікке тағайындалған жәрдемақы алатынымды ескерсек, бұл қаржылай қолдау мен үшін үлкен көмек. Осы ақшаны жетпейтінін білсем де, көзіме ота жасату үшін пайдаланғым келеді. Өз кезегімде қолдау білдірген «Nur Otan» партиясының Атырау облыстық филиалы қызметкерлеріне алғысымды білдіремін.
Адамның ниеті, пейіліне сай, өмірінде жақсы адамдар жолығатыны шын. Мен де мүмкіндігім шектеліп, өмірлік қиындыққа тап болғалы бері, қолдау білдіріп отырған айналамдағы барша адамдарға алғысымды жеткізгім келеді.
Клара Рашидқызы,
Атырау қаласы тұрғыны: