Жарнама
Қоғам

«Қарызсыз қоғам»: Биыл облыста 14 мың адамның қаржылық сауаттылығы арттырылады

Басты мақсат – жеке және отбасылық бюджетті үнемдеу мен жоспарлау, несиенің пайызын есептеу, қаржылық инвестиция құралдары, алаяқтық әрекеттердің алдын алу, тұрғындардың қаржылық сауаттылығын арттыру. Бұл туралы «AMANAT» партиясы Атырау облыстық филиалының төрағасы Абдолла Идресов баспасөз брифингінде мәлім етті, — деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Биылғы ерекшелікке сәйкес жобаға берешегі 90 күннен асқан азаматтар қатыса алады. Жыл соңына дейін оффлайн және онлайн форматта 3 күндік тегін тренингтер өткізіледі.

–«Қарызсыз қоғам» жобасы пилоттық шара ретінде жалпы елімізде 2023 жылы бастау алды. Өткен жылы облысымызда 6 мыңнан аса адам оқудан өтті. Ал биылдың 17 ақпанынан бастап жобасы аясында оқыту сабақтары басталып, Атырау қаласы мен Исатай, Мақат аудандарында жалғасын табуда, — деді Абдолла Идресов.

«Қарызсыз қоғам» жобасының менторы Ақан Қайырғалиевтің айтуынша, биыл 14 мыңға жуық адамды қамту жоспарланған. Оның 9 660 онлайн, 4140 оффлайн форматта оқытылады.

Айта кетейік, оқуға ниет білдірген әрбір азаматтың жобаға қатысуына мүмкіндік бар. Олар «AMANAT» партиясының жергілікті филиалдарына хабарласып, тіркеле алады.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button