
Қоғам
Қайырымдылық — асыл қасиет
Бүгін Наурызнаманың онкүндігі және Ізгі істер марафоны аясында «AMANAT» партиясы Атырау облыстық филиалының ұйымдастыруымен “Жаныңдамын” және «Жақсылықта жарысайық» қоғамдық қорлары көпбалалы, аз қамтылған, мүгедек бала тәрбиелеп отырған 20 отбасыға азық-түлік жиынтығын дайындап, тарту етті. Айта кетелік, өткен жолы 20 шақты отбасы шараның шарапатын көрген болатын.

Іс-шарада «Жақсылықта жарысайық» қоғамдық қорының басшысы Артур Камиев Наурыз мерекесіндегі қайырымды іс-шараның маңызына тоқталып, алда да жалғасатынын жеткізді.

Өз кезегінде аналар мұқтаж сәтте қол ұшын созған партия мен қайырымды азаматтарға ақ батасын беріп, ризашылығын білдірді.
Рита ЖАЙҒАЛИҚЫЗЫ
Суреттерді түсірген Ерлан АЛТЫБАЕВ