Жарнама
Қоғам

Қайырымдылық — асыл қасиет

Қайырымдылыққа арналған Наурызнаманың екінші күні мейірімділікті еске түсіріп қана қоймай, өзара көмек өмірдің шарты саналған Көшпенділер өркениетінің ежелгі қағидаттарын қайта жаңғыртуға және қайырымдылық пен әлеуметтік жауапкершілік мәдениетін нығайтуға үндейді.

Наурызнама аясында Қайырымдылық күнін атап өту – Ұлы Даланың көне дәстүрлерін бүгінге жалғау. Бұл күннің философиясы нағыз жаңару – жақыныңа жәрдемдесуден, көршіге жылы қабақтанытудан, адамға жанашыр болудан басталатынын еске салады. Оның негізінде көшпенді халыққадаланың қатал жағдайында аман қалуға, бірліктеболуға көмектескен, ғасырлар бойы қалыптасқанқонақжайлылық пен өзара көмек принциптері жатыр.

Бұл күні әр адам нағыз байлық материалдыққұндылықтармен емес, жомарттықпен, мейірімділікпен, жанашырлықпен өлшенетінінтүйсінеді. Қайырымдылық жасау жан-дүниеніөзімшілдіктен тазартып, жүректі мейірімгетолтыруға, өткенді артта қалдырып, алдағы жаңамүмкіндіктерге ұмтылуға жол ашады.

Бұл күн халықтың тарихи өзегіне меңзейді: қазақтар ежелден «жылу» жинап, мұқтаж жанғажүйелі түрде көмектесіп келген. Ұлы Далада «жылу» тіпті қоғамдық міндет іспеттес болған. Көшпеліқауым «Бір қауымның қамы – бәрінің қамы» дегенқағиданы ұстанып, малынан айырылған отбасылардықолдап, пана беріп, қаражат берген.

Сонымен қатар, «Асар» дәстүрі – қазақ халқыныңертеден келе жатқан ғұрыптарының бірі, яғни,адамдар жиналып, бір адамның немесе біротбасының қолынан келмейтін жұмысты шынықыласпен тегін атқарып беретін. Қатысушыларөздерінің көмегі үшін ақы талап етпейді. Асаржасауға себеп болатын шаруа түрі көп: үй салу, егінжинау, отын дайындау, мал айдау, сондай-ақ той қамына дайындық немесе жерлеуді ұйымдастыру. «Асар» қазақ қоғамы өмірінің маңызды бөлігінеайнлады, отбасылық және тату көршілікбайланыстарды нығайтуға көмектесті. Бұл дәстүр кеңдалада әр түрлі жағдайда аман қалуға сеп болды, сонымен қатар бірлік, мейірімділік пен қоғамалдындағы жауапкершілікке баулыды.

Бұл күні өзара көмек пен игі істерге баса мәнберіліп, қазақстандықтар өздерінің ынтымағынқайырымдылық арқылы, сонымен қатар, бірегеймәдени дәстүрлерді сақтау арқылы көрсетеді. 2024 жылы Қазақстанның Рекордтар кітабына енгенЖетісу өңірінде 50 балаға арналған «тұсау кесу» салтының орындалуы осының айғағы.

Қайырымдылық күнінде мұқтаж жандарға қолдаукөрсетіп, қоғам бірлігін, өзара көмек көрсетудәстүрін жаңғыртуға бағытталған түрлі іс-шаралардыұйымдастыруға болады.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button