“Президент Көтерген Бастама Мектеп Қабырғасынан Бастау Алуы Керек”
Atr.kz/4 сәуір, 2020 жыл.
Atr.kz/4 сәуір, 2020 жыл. Елге қорған болу – ердің ісі” дейді қоғам белсендісі, Қазақстан Коммунистер халық партиясының облыстық комитетінің бірінші хатшысы Ерболат Дәулетқазиев.
Мемлекет басшысының тапсырмасы мен Қорғаныс министрінің бұйрығына сәйкес, əскери міндетті азаматтарды Қарулы Күштер қатарына шақырып, қауіпті аймақтарға жіберу жөніндегі бастаманы құптаймын.Өйткені, біз қай уақытта да, қандай сынға да дайын болуымыз керек. Ал, қашан да осы талапқа сай болуда дайындық жұмыстары мектеп қабырғасынан басталып, негізі қалалары даусыз. Бұл бағытта аға буын өкілдері кейінгі толқынға өнеге көрсетіп, үлгі танытуымыз керек. Осы орайда бүгінде жас буынның бойына патриоттық тәрбиені кеңінен сіңіртіп, ел айбыны болуға тәрбиелеу жұмыстары әлі де арта түседі, – дейді спикер atr.kz-ке берген сұхбатында.
Дәулетқали АРУЕВ