Полковник Қапаров

Ол – туған ауылынан шыққан тұңғыш ұлттық қауіпсіздік комитетінің полковнигі. Ғұмырын бір ғана қызметке арнаған кәсібіне адал жан. Ғарифолла Қапаров – Исатай ауданы Тұщықұдық ауылының тумасы. Қай қиырда, қандай қызметте жүрсе де, туған жеріне деген ізет-ілтипатын биік қоятын тұлға.

«Өмірім қызық оқиғаларға толы», – дейді Ғарифолла Қапарұлы. «Мектепке тоғыз жасымда бардым. Оның өзі тосыннан болды. Анам колхозда сиыр бағады, мен үйде қалып, қора тазалаймын, малға қараймын. Сондай күндердің бірінде қораға түлкіні қуған ит кіріп кетпесі бар ма? Аң-таң боп тұр едім, артынша бір аға келді, соның тазысы екен. «Жасың нешеде, неге сабаққа бармайсың?», – деп сұрақты жаудыртты. Мен айтып жатырмын: «Жәмиланың баласымын, әкемді көрген емеспін», – деп. «Мен сені мектепке алып кетемін», – деді. Ал, кеп жыла. Көз алдыма колхоздың жұмысынан шаршап-шалдығып жүрген шешем келіп, өкісігімді баса алмадым. Оның жалғыз сүйеніші, мына өмірдегі қорғанышы өзім ғана екенімді бала жүрегім сезетін. Сезетін де, аяйтынмын. Жалғыз тастап, оқуға кетуге қимайтынмын. Бірақ, әлгі кісі кешке дейін үйде отырып, шешемді күтті. Ол кезде үй дейтін үйдің сиқы да жоқ, сұп-суық, кішкене ғана қыстау. Анам жұмыстан келгесін, мән-жайды біліп, ол да жылады. Екеуміз еңіреп жүріп мектепке баратын киімдерімді жинадық. Соғыстан кейінгі жылдар, жыртық шапанмен, аяқ киімім болмай, екі жүн шұлықты қабаттап киіп үйден шыққаным есімде».

(Толығырақ газетімізден оқи аласыздар).

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз