Жарнама
Қоғам

ПЕНДЕЛІГІ ЖОҚ ПЕРІШТЕ КӨҢІЛ

Мұрат аға Әуезовтің өзі: «Москвада оқып жүрген кезімізде «Жас тұлпар» ұйымын құрғанбыз. Жарықтық Сәбит Мұқанов үлкен ортада айқай көтеріп, соңы бітпес дауға ұласты. Бас бағар жерім қалмады. Сонда Сәтімжан досым мені қырағы көздерден алып қашып, Мақатқа, әкесі Хамзекеңнің үйіне әкеп жасырған. Содан аман қалдым», — деп еді.
Сіздің достыққа соншама адалдығыңыз, дұшпандықты да елемей, тіпті еншілес жандай сыртқа теппейтініңіз жаратылысыңыздың осы бөлектігінен шығар.
Халқымыздың ноқта ағасы Д.Қонаевтың басына іс түскенде қасынан табылғаныңыз, тіпті «Алаң» атты роман арнағаныңыз ұмытшақтау елдің бәлкім есінде болар?!.
2009 жылы 70 жасқа толып, туған топыраққа аунап-қунап кетем деп аңқылдап келгеніңізде… Бір кісәпір соңыңыздан сол кезгі облыс басшыларына қоймай қоңырау шалып, ататпай жібергенін кеш естіп, құландай ащы даусым шыққанын қайтіп ұмытайын?..
Ешкімнің ырыздығына ортақтаспайтын, тірі пенденің бетіне самал боп тимейтін, болсам деген жасты, толсам деген жасамысты қолдаудан талмаған, зиялы аға-ай, тырнақ батырар жерде тып-тыныш қалатыныңыз неден екен?!
Ең бастысы, шығармаларыңыз отыздан астам тілге аударылып, оқырманның қолында қалды.
Ең бастысы, кинодағы бейнеңіз Абылай хан, Жангелдиндер болып, көрерменнің көзінде қалды.
Ең бастысы, азаматтығыңыз өзіңізді құрмет тұтқан елдің жүрегінде қалды.
Қалғанын қойшы, тәйірі!

Рахымжан ОТАРБАЕВ,
ҚР еңбек сіңірген
қайраткері.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button