Өзін-өзі тану – үлкен өмірді тану
«Өзін-өзі тану» рухани адамгершілік білім беру бағдарламасының тарихи негіздері әлемдік тұлғалардың философиялық ойларынан бастау алатыны белгілі. Ежелгі грек ойшылы Сократ пен ізгілік педагогикасының классигі Шәкәрімнің мақсаты адамды адамгершілікке тәрбиелеу болды. Осынау ұлы ойшылдар мен кемеңгерлердің ойлары мен тұжырымдарын жүзеге асыру жолында Сара Алпысқызының басшылығымен «Өзін-өзі тану» жобасы негізінде елімізде қыруар жұмыс жүріп жатыр. Облыстық «Өрлеу» біліктілікті арттыру орталығында «Өзін-өзі тану» пәні бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру III-ші базалық деңгейлік курсы өткен болатын. Курс жетекшісі Айжан Құлниязова бар білігі мен тәжірибесін ортаға салып, курс тыңдаушыларының сапалы білім алуларына қолынан келгенінен аянбады. Сол үшін де ол кісіге жүрегімнен жарып шыққан мына өлең жолдарын арнаймын:
«…Сөйлегенде төгілтіп сөзден маржан,
Дана болып көрінеді ұстаз Айжан.
Сабырлы үнмен салиқалы сөз өргенде,
Елтімей, елеңдемей қалды қай жан?!
Сара апайдың сара жолы сараланар,
Еш кетпей еңбегіңіз бағаланар.
Атыңызды шығарып әлі талай,
Ұстаздардың ұстазы дараланар!»
Гүлсім ХАЙРЕДЕНОВА,
курс тыңдаушысы.