Жарнама
Қоғам

Өз несібемізді өзіміз жасаймыз

Турасын айту керек, жер дегеніміз – қазақтың жаны. Ұлтымыздың басты байлығы саналатын осынау ұлан-байтақ жерімізді халқымыз туған Анасынан кем көрмейді. Әйтсе де, бұл мәселедегі түсінбестік, жағдайды тереңірек пайымдамаушылық әлі де кездесіп отыр. Кеше ғана Астана төрінде өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІV сессиясында Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев соңғы кездері Қазақстанның жерін шетелдіктерге сату туралы жалған ақпараттың ұдайы таратылуы салдарынан жер мәселесіне қатысты алаңдаушылық көбейгенін қадап айтты.

Жер шетелдіктерге сатылмайды, тек жалға ғана беріледі. Шынында да, жер бос жатпауы тиіс. Ол табыс әкелуі қажет. Мұндай қадам жерге, елге деген жанашырлықтан туындап отырғаны анық. Сондықтан да, әр нәрсеге байыппен қарау қажет.

Елімізде Тәуелсіздік туының желбірегеніне 25 жылға аяқ басты. Осынау 25 жылдың басты жаңалығы – жаңа сана қалыптасты. Жан-жақты ойлайтын жастарымыз өсіп келеді. Міне, сол жастардың жерге деген, жер өңдеуге деген қызығушылығын арттыруымыз керек. Осы тұрғыдан алғанда, елімізде қолға алынғалы отырған бұл бастаманы қолдауға әбден болады. Бұл – бізге өз несібемізді өзіміз жасауға берілген мол мүмкіндік.

Жеңіс ӘБІЛҚАЙЫРОВ,

«Мақаш» өндірістік кооперативінің төрағасы, Құрманғазы ауданы.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button