Жарнама
Қоғам

ӨНЕГЕГЕ ТОЛЫ ӨМІР

Асыл әжем Тіналиева Тояш бар өмірін бала тәрбиесі мен оларға білім беруге арнаса, атамыз өте сабырлы, білімді, кең пейілді, қарапайым, әрі  шыншыл адам болған. 1925 жылы Астрахан облысының Краснояр ауданы Қараөзек жерінде дүниеге келген атам 1933-1940 жылдары мектепте сауат ашады. Еңбек жолын 1941 жылы колхоз есепшісі жұмысынан бастаған ол ел шетіне жау тиген шақта майданға аттанып, Берлинге дейін барған. Соғыс аяқталғаннан кейін де Германиядағы кеңес әскерлерінің құрамында қызметке қалдырылып, 1951 жылы ғана елге оралады.

Келген соң, Зормата селосында «Қызыл отау» меңгерушісі, орта мектепте есеп жүргізуші, байланыс бөлім-шесінің бастығы, ауыл советінің хатшысы, Киров атындағы совхозда есепші болады.

1962-1968 жылдары Киров, Калинин, Құрманғазы атындағы совхоздарда жұмысшылар комитетінің төрағасы, кейін ауыл шаруашылығы қызметкерлері  кәсіподағы аудандық комитетінің төрағасы болып абыройлы қызмет атқарған.

Ол бір сөзді, өте әділетті, турашылдықты жаны сүйетін ізгі жан болған.  Кейіннен Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін оқып бітіріп, 1968-1971 жылдары Теңіз аудандық прокуратурасының тергеушісі, 1971-1975 жылдары Қызылқоға ауданының прокуроры, 1975 жылдан өмірінің соңғы күндеріне дейін Теңіз ауданының прокуроры қызметін атқарды.

Ұлы Отан соғысы жылдарындағы жауынгерлік ерлігін және бейбітшілік уақыттағы зор қызметін ескере отырып,  «Ұлы Жеңістің 20, 25 жылдығы» медальдарымен, «Ұлы Отан соғысы жылдарында Германияны жеңгені үшін», «КССР қорғаныс күштеріне 30, 50, 60 жыл» және «Еңбектегі ерлігі үшін» медальдарымен марапатталған.

Нұргүл ИБРАГИМОВА,

Құрманғазы ауданы.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button