Жарнама
Қоғам

ӨМІРІНЕН ӨНЕГЕ ҚАЛДЫ

 

Өз ісіне үлкен жауапкершілікпен қарайтын, жұмысқа өте мұқият, сауатты жас маманды 1976 жылы  Гурьев  облысы  бойынша Мемлекеттік қауіпсіздік Комитеті жұмысқа  шақырды.

Салауат Бағытұлы  алғашқы әзірде Гурьев облысы бойынша Мемлекеттік қауіпсіздік Комитеті басқармасының жедел  уәкілі, аға жедел уәкілі, бөлімше  бастығы, Гурьев облысы Мемлекеттік  қауіпсіздік  Комитеті  басқармасының  Индер аудандық бөлімінің бастығы, Қазақстан Республикасы Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік қауіпсіздік Комитеті басқармасының Өзен қаласы бөлімшесінің бастығы, Атырау облысы бойынша жедел бөлімшелерінің басшы лауазымдарында қызмет  атқарды. Ол осы кезеңде өзіне тапсырылған  қандай жұмысты да мүлтіксіз орындады. Ұжымда жоғары бедел мен абыройға ие болды. Көптеген жас кадрларды тәрбиелеуге өлшеусіз үлес қосты.

1997 жылы Ұлттық қауіпсіздік органдары қызметінен зейнеткерлікке шықты.

Салауат Бағытұлы бұдан кейінгі өмірін де қауіпсіздік қызметімен байланыстырып, ірі мұнай компанияларында жемісті еңбек етті. Осы қызметтегі жинаған өзінің бай тәжірибесін жастарға үйретуден жалықпады. Ол қарапайым азамат ретінде де көптің есінде қалды. Салауат Бағытұлы мұқтаждық көрген адамдарға көмектесуге дайын тұратын, ақыл-кеңесін аямайтын, жүрегі жұмсақ, барлық іске өте байыппен қарайтын азамат болды.

Ұзақ жылдардағы жемісті қызметі үшін полковник Сарқытов  Салауат  Бағытұлы Мемлекеттік қауіпсіздік Комитеті және Ұлттық қауіпсіздік Комитетінің бірнеше ведомстволық медальдарымен және Алғыс хаттармен марапатталды.

Ол өмірлік жары Марденова Збида Марденқызымен бірге Құралай, Жәнібек, Айбек есімді балаларын тәрбиелеп өсіріп, олардың қызығына енді бөлене бастаған еді. Айтып келмейтін ажал оның көптеген армандарының жүзеге асуына мүмкіндік бермеді. Бірақ,  Салауат Бағытұлымен жұмыстас болған әріптестері оның есімін ешқашан ұмытпай, ұзақ жылдар бойы есте сақтайтын болады.

Бір топ жолдастары.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button